Көрме
Promising Waters 2010 - 2013

Бішкек

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Каспий теңізінің төңірегінде әлі күнге дейін соңы көріне қоймаған түбегейлі және күрделі өзгерістер үдерісі басталды. Әзірбайжан, Қазақстан және Түркіменстан елдері үшін ұлттық барабарлығының бір бөлшегі жойылып қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың аумағындағы мұнай мен газға қатысты күрес те күшейді. Байлық пен жаңа ұлттық барабарлықтың артынан түскен үкімет пен зор концерндер үшін қоршаған орта мен қоғамның қауіпсіздікке деген мұқтаждығының қажеті шамалы: шағын балықшылар елді мекендері зәулім құрылыс жобаларына  орын босатуға мәжбүр болып жатқан кезде халықтың келесі бір бөлігі көпе-көрнеу кедейшілікке ұрынуда. Аталмыш елдерге әлденеше рет арнайы барған Мила Тешаеваның басты назары жергілікті адамдарда болды. Фотограф өзінің пейзаждық суреттерінде де, портреттерінде де сол беймәлімділікті бейнелейді. Кеудемсоқ үлкен құрылыс жұмыстарының қасындағы қарапайым тұрғындар өткен шақ қалдығы мен осы шақ бейнесінің арасында адасып қалғандай әсер қалдырады.            
 
 
Фотосуретшінің өмірбаяны
 
1974 жылы Украинада туған Мила Тешаева Берлинде өмір сүреді. Танымал Берлин OSTKREUZ фотографтар агенттігінің мүшесі. Ол өз жұмыстарында айрықша өңірлердегі адамдардың барабарлығы мен естеліктеріндегі өзгерістерді іздейді. Фотограф 2004 жылдан бері Кавказ немесе Каспий теңізінің төңірегі секілді бұрынғы Кеңес Одағының белгілі бір аумағында ұзақ мерзімдік жобалармен жұмыс істейді. Сол жобалардан оның Promising Waters атты алғашқы монографиясы (Kehrer баспасы 2013) мен Faces and Stories of Entrepreneurs (SDC 2015) және InselWesen (Kehrer 2016) кітаптары туды. Мила Тешаева – Американдық БАҚ фотосуретшілер қауымдастығының «Жыл фотожурналисі» байқауының бас жүлдесі 2010, Американдық Критикал Масс қауымдастығының кітап басылымының бас жүлдесі 2013, ПДН  журналының «Жыл фотографиясы» байқауының бәйгесі 2013 секілді көптеген жүлделердің иегері. Фотографтың суреттері алуан түрлі ұжымдық және жеке топтамаларда қамтылған, сондай-ақ оның жеке көрмесі бұған дейін Еуропа мәдениетінің мұражайында (Берлин 2017), Хаггерти атындағы өнер мұражайында (Милуоки, Висконсин 2015), Алма Лов мұражайында (Швеция 2017), сондай-ақ Батыс жағалауының өнер мұражайында (Фер, Германия 2014 және 2016) ұйымдастырылды.  
 
Мила Тешаеваның жұмыстары POSTTOTAL Халықаралық заманауи өнер көрмесінің аясында көрсетіледі, куратор: Гамал Боконбаев (http://www.design.kg/index.php?showtopic=11151&pid=168133&st=0&#entry168133).
 
Көрменің ашылуы: 23.09.17, 15 сағ.
Кіру ақысыз
Әйтиев ат. Қырғыз Ұлттық өнер мұражайы
Абдрахманов көш. 196, Бішкек
 
 

Нақты

Бішкек



Бағасы: Көрменің ашылуына кіру ақысыз

+7 727 2797999, 2797904, 2798012 2798234, 3900656 sbpo@almaty.goethe.org

Әйтиев ат. Қырғыз Ұлттық өнер мұражайы, Абдрахманов көш. 196, Бішкек