Әлеммен байланыстамыз. Әртүрлілік, түсіністік пен сенімділік жолында.
Біз әлем бойынша адамдарды бір-бірімен байланыстырамыз. Германия Федеративтік Республикасының мәдениет институты ретінде біз халықаралық контексте мәдени алмасуды, білім беру мен әлеуметтік дискурсты дамытуға және неміс тілін үйрену мен оқытуға қолдау көрсетеміз. Әріптестерімізбен бірге біз жаһандық мүмкіндіктер мен талаптарға сай сенімді диалог жүргізе отыра түрлі перспективаға қол жеткіземіз. Дұрыс тыңдау және кең ойлау түсінісудің кілті деп есептейміз. Біз ашықтық, әртүрлілік және тұрақтылық қағидаларын ұстанамыз. Бұл принциптер біздің ұсыныстарымыз бен жұмыс істеу үрдісіміздің негізі болып табылады.