Жиі қойылатын сұрақтар
A1 – C2 Гёте-сертификаттары туралы басқа сұрақтарыңыз болса, тікелей біздің емтихан орталықтарымыздан (Гёте-Институт, Гёте-орталықтар, Емтихан серіктестігі мүшелері) жеке, тегін кеңес алсаңыз болады.
Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді. Олар неміс тілін шет тілі ретінде және неміс тілін екінші тіл ретінде меңгерудің дәлелі ретінде қарастырылады.
Емтихандарға қатысу үшін тиісті жас мөлшері ұсынылады.

Емтихан өткізетін орталықтарда сол жердегі өз мүмкіндіктеріне орай ерекше қажеттілігі бар жандарға (мыс. созылмалы ауру, не көру не есту кемістігі бар) жеке мүмкіндік беріледі. Ал кемістіктің түрі мен дәрежесі туралы емтиханға тіркелгенде, медициналық құжат арқылы көрсетілуі керек.
Емтихан өткізетін орталық мұнда құпиялық сақтайды.
Толығырақ ақпараттарды сіздер емтихан тапсыратын кезде тікелей сол Емтихан өткізетін орталықтан ала аласыздар.

Дәрісханадан белгілі бір мөлшерленген уақытқа (әжетханаға) шыға аласыз. Бұл туралы «Емтихан өткізу хаттамасына» ескертпе жазылады. Дәрісханадан бір уақытта тек бір адам ғана шыға алады.
Goethe-Zertifikate A1 – C2-дың Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартына (GER) сәйкес алатын орнын мына жерден қарай аласыз
Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандарты (GER)

Ол үшін тек қандай да бір тіл курсына, деңгейді анықтау тестіне, емтиханға т.с.с. қатысқаныңызды білдіретін жай анықтама жеткіліксіз.
Тек Goethe-Zertifikate A1 - C2 немесе Kleine немесе Große Deutsche Sprachdiplom емтиханын тапсырғаныңыз жайлы емтихан куәлігі ғана бүкіл әлемде неміс тілін шет тілі ретінде меңгергеніңіздің халықаралық дәрежеде танылған дәлелі бола алады.

Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom, Zentrale Oberstufenprüfung, Kleines Deutsches Sprachdiplom және Großes Deutsches Sprachdiplom емтихандары Германияның ЖОО-нда (университетте) оқуға құқық беретін куәлік ретінде танылған және TestDaF немесе басқа бір ЖОО-на түсуге қатысты емтихан (DSH) тапсырудан босатады.
Өзіңіз таңдаған ЖОО-ның, мамандықтың не пәннің тілге қатысты талаптарын сол оқу орнынан (университеттен) біле аласыз не мына жерден іздесеңіз болады www.sprachnachweis.de.

Гете-Институттың барлық емтихандарында жазбаша емтихан жауаптарын бағалауда 2006 жылғы тамыз айында қабылданған жазу ережелері негізге алынады. Ол үшін „DUDEN. Die deutsche Rechtschreibung“ (ab 24. Auflage 2006) und „WAHRIG. Die deutsche Rechtschreibung“ (ab 2006) негіз болып табылады.
Қолданыстағы ережелерді Интернеттен мына жерден табасыз:

Оқу әр адамның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты процесс. Бір деңгей сатысына жету үшін қанша уақыт керек екені түрлі жағдайларға, жеке факторларға да байланысты: қызығушылық, уақыт, қосымша жаттығуларды пайдалану.
Бұрын бір немесе бірнеше тілді меңгерген болсаңыз, неміс тілін тез үйренесіз. Тіл үйрену курсына өз еліңізде әлде курстан тыс уақытта да неміс тілін естіп, сөйлеуге мүмкіндік бар Греманияда қатысып жүрсіз бе, оның да маңызы зор.
Оқу процесі үшін оқудың қарқындылығы да (қарқынды не кешкі курс т.с.с.) сондай маңызды. Бұл туралы қалаған емтихан орталығынан кеңес алсаңыз болады.

барлық емтихандарына арналған жаттығу материалдары тегін қолжетімді. Сізді қызықтыратын емтиханға арналған сілтемелердің бірін бассаңыз жеткілікті.
Қосымша дайындық материалдары мен үлгілік тесттерді Қазақстандағы Goethe-Institut-ының кітапханасынан қарап, абонементке ала аласыз.
Сондай-ақ, дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 13:00-ден 18:00-ге дейін кітапханада өтетін тәжірибелі маманмен жеке және тегін оқу кеңесіне қатысуға шақырамыз.

Иә, сіз Қазақстандағы Goethe-Institut -ының көптеген емтиханға дайындық курстарының біріне жазыла аласыз.
Емтиханды тұтасымен қалағаныңызша қайталап тапсыруға болады. Жекелеген бөлімдерін, сол сияқты емтиханды бөліп қайталау туралы емтихан өткізу нұсқаулығында жазылған.
Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 – емтиханында кем дегенде 30 балл (ең жоғарғы баллдың
50 % ) жинаса және емтиханның барлық бөліктерін тапсырса, өткен болып есептеледі.
Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1-емтиханында кем дегенде 60 балл (ең жоғарғы баллдың 60 % ) жинаса және емтиханның барлық бөліктерін тапсырса, өткен болып есептеледі.
Goethe-Zertifikat A2 / Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch - емтиханында кем дегенде 60 балл (ең жоғарғы баллдың 60 % ) жинаса және емтиханның барлық бөліктерін тапсырса, өткен болып есептеледі. Мұнда жазбаша бөлікте кем дегенде 45 балл және ауызша бөлікте кем дегенде 15 балл жинау керек.
Басқаша жағдайда емтихан тапсырылмаған болып есептеледі.
B1, B2, C1 және С2 Goethe-Zertifikat модульді емтихандар
Бір модульда 60 балл алса, яғни 60 % болса, онда ол тапсырылған болып табылады.

Гете-Институт беретін Goethe-Zertifikate A1 – C2 куәлігінің жарамдылығы шексіз.
Көптеген ұйымдар мен жұмыс берушілер бірақ көп дегенде екі жыл бұрын берілген куәлікті талап етеді.
Zentrale Oberstufenprüfung (ZOP) туралы, das Kleine Deutsche Sprachdiplom (KDS) және das Große Deutsche Sprachdiplom (GDS) куәліктері жаңа Goethe-Zertifikats C2: Großes Deutsches Sprachdiplom-ды енгізгеннен бері, яғни, 01.01.2012 жылдан бастап C2 деңгейіндегі емтиханды енгізгеннен бері жарамды.

Негізінен дубликат берілмейді.
Егер емтихан тапсырғаныңызға 10 жыл толмаса, сіз емтихан тапсырған орталық ақылы анықтама бере алады.

Адамның тегі өзгерген (тұрмысқа шығу, асырап алу, ажырасу т.с.с.) жағдайда, жаңа куәлік те, анықтама да берілмейді.
Адам тегінің өзгеруі тиісті ресми құжат (тууы туралы, неке куәлігі т.с.с.) не оның расталған көшірмесі арқылы дәлелденуі тиіс.
Емтихан тапсырушының тегі, яғни, тегінің жазылуы ол емтихан тапсыруға өтініш жазған кезде, фото жапсырылған жеке куәлігінен көшіріп алынады. Емтихан тапсыру куәлігі соның негізінде толтырылады.

Ресми аударманы мемлекеттік тұрғыдан танылған аудармашы не аударма кеңсесі жасай алады.
Емтиханға қатысу белгілі бір тіл немесе дайындық курсына, төменгі сатыдағы тіл меңгеру деңгейін көрсететін сертификат алуға да байланысты емес.
Әйтсе де, біз емтихан орталықтарында өтетін дайындық курсына қатысуды ұсынар едік. Онда сіз емтихан тапсыруды мүмкіндігінше жеңілдететін тіл және емтихан ерекшеліктеріне байланысты қажетті дағдыларды игересіз.
Бұл туралы өзіңіз қалаған емтихан орталықтарынан тікелей кеңес сұрасаңыз болады.

Егер сіз емтиханды Goethe-Institut-та тапсырған болсаңыз және басқа ешқандай ақпарат алмасаңыз, онда емтихан нәтижелерін сіз Mein Goethe.de -ден қарап ала аласыз.
Mein Goethe.de тіркелуде көмек көрсету:
Емтихан нәтижелерін қарап және алу үшін көмек
Сұрақтар болса тікелей Goethe-Institut-қа хабарласыңыз.
Егер сіз естиханды Goethe-Institut-тың серіктестерінің бірінде тапсырған болсаңыз онда бірден емтихан өткізетін орталыққа хабарласыңыз.
Mein Goethe.de тіркелуде көмек көрсету:
© Goethe-Institut
Емтихан нәтижелерін қарап және алу үшін көмек
© Goethe-Institut
Сұрақтар болса тікелей Goethe-Institut-қа хабарласыңыз.
Егер сіз естиханды Goethe-Institut-тың серіктестерінің бірінде тапсырған болсаңыз онда бірден емтихан өткізетін орталыққа хабарласыңыз.
Куәлігіңізді, мысалы, оқуға түсу үшін, кез-келген қоғамдық мекемеде (сот, министрлік, мектеп, банк т.с.с.) растата аласыз. Жұмыс берушілер көбіне уәкілетті адвокаттың растауын қажет етеді.
Тіл курстарына арналған елге тән қосымша ережелер
Жалпы іскерлік шарттар брондау барысында сізге көрсетіледі. Қосымша түрде мұнда елге тән қосымша ережелер берілген.
1. Курсқа қатысудың жалпы шарттары
Қазақстандағы Goethe-Institut курстарына мынадай жастан қатыса алады:
- ересектер үшін: кемінде 16 жас
- жасөспірімдер үшін: 13-тен 16 жасқа дейін
- балалар үшін: 8-ден 12 жасқа дейін
2. Курсқа тіркелудегі төлем шарттары
2.1. Толық соманы (100%) төлеу тіркелу кезінде жүзеге асырылады. Курс ақысы төленген жағдайда курсқа қатысушыға топтан орын беріледі.
2.2. Егер курс ақысы уақытында төленбесе, қатысушы курсқа қатысу құқығынан айырылады.
3. Қайта тіркелу және курсты ауыстыру
Егер курс қатысушысы қайта тіркелсе (мысалы, курс уақытын өзгерту немесе курсты ауыстыру), алғашқы қайта жазылу ақысыз болады. Әрбір келесі қайта жазылу үшін курс ақысының 10%-ы мөлшерінде төлем алынады. Барлық қайта тіркелулер тек курс басталғаннан кейінгі алғашқы аптада және тіл курсы бөлімімен келісілген жағдайда ғана мүмкін болады..
4. Курсқа қатысудан бас тарту
4.1. Ақша тек бірінші оқу аптасының соңына дейін 10% әкімшілік алым ұсталғаннан кейін ғана қайтарылуы мүмкін. Егер қатысушы курс басталған кезде немесе курс барысында қатыспаса немесе курстан толығымен бас тартса, курс өтілген болып есептеледі, төленген сома қайтарылмайды және келесі семестрге де аударылмайды.
4.2.Курстан бас тарту туралы мәлімдеме жазбаша түрде жасалуы тиіс.
5. Курстарға бөлу/қатысушылар саны
5.1. Қатысушыларды білім деңгейіне сәйкес бөлу Goethe-Institut деңгейді анықтау тесті негізінде жүргізіледі.
5.2. Біздің курстарда ең аз дегенде 10 және ең көп дегенде 16 қатысушы болады. Егер курс басталғанда қатысушылар саны жеткіліксіз болса, біз осы курсты болдырмау немесе кейінге қалдыруға құқығымыз бар. Бұл жағдайда қатысушыларға басқа курсқа ауысу немесе курстың толық ақысын қайтарып беру ұсынылады. Өкінішке орай, тек тіркеу уақытының соңында қатысушы саны толық болған курстар ғана ашылады. Қатысушылар уақытында тіркелгенде ғана өтетін курстар тоқтатылмауы үшін, біз берілген мерзім ішінде тіркелуге кеңес береміз.
6. Курсқа қатысушылардың міндеттері
6.1 Қатысқаны туралы құжат алу үшін курсқа кем дегенде 70 пайыз қатысу қажет.
7. Goethe-Institut жауапкершілігі/ Оқыс жағдайлар
Goethe-Institut пен қызметкерлерінің жауапкершілігі әдейі әрекеттер мен дөрекілікке байланысты шектеледі. Goethe-Institut оқыс жағдай салдарынан (мысалы, табиғи апаттар, өрт, су тасқыны, соғыс, үкімет өкімі және келісімшарт тараптарының бақылауынан тыс барлық жағдайлар) болған қызметтер үшін жауапты емес.
8. Жеке деректерді қорғау
Курсқа қатысушы Goethe-Institut-қа тіркеу, есептеу және үлгерімін жүргізу мақсатында оның жеке бас деректері (толық аты-жөні, туғанкүні, ЖСН, байланыс номері) электронды түрде жиналып, өңделуі үшін келісім беретінін растайды.
Курсқа қатысушы Goethe-Institut-тың оларға әрі қарай ақпарат
жіберуіне келісімін білдіреді.
9. Шағымдар
Егер курсқа байланысты сұрақтарыңыз болса не қиыншылықтар туған жағдайда мына E-Mail адреске жазыңыз: einschreibung-almaty@goethe.de

1. Емтиханға қатысу үшін қойылатын талаптар
Емтихандарға тіркелу веб-сайтта жарияланған күндерге байланысты онлайн түрде жүзеге асады. Тіркелу бос орындардың болуы негізінде өтеді.
Қазақстандағы Goethe-Institut емтихандарына қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұсынысы Goethe-Institut Емтихан ережелерінде көрсетілген.
Емтихан барысында ұялы телефон, камера, микрофон, сондай-ақ басқа да электрондық құрылғылар мен көмекші құралдар пайдалануға тыйым салынады. Қатысушы ұялы телефонды заңсыз түрде емтихан өтетін бөлмеге алып кірген жағдайда, оны емтиханнан шығарып жзіберіп, дүниежүзі бойынша емтиханға қатысуына бірнеше айға шектеу қойылады.
Емтихан күні қатысушы өзінің жаңа фотосуреті бар жеке куәлігінің түпнұсқасын (паспорт немесе жеке куәлік / ID карта) көрсетуі керек. Егер осы құжаттар тек телефонда болса, онда ол емтиханға жіберілмейді.
2. Арнайы қажеттілігі бар үміткерлерге арналған емтихандар
Арнайы қажеттілігі бар емтихан қатысушылары үшін, егер жазбаша өтініші мен дәрігердің анықтамасы болса, жеке емтихан ұйымдастырылуы мүмкін. Толығырақ ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыз.
3. Бағалар
Тіркелу кезінде ағымдағы бағалар мен жеңілдік шарттары қолданылады.
4. Төлем шарттары
4.1. Бір орынға жазылу үшін толық емтихан бағасын төлеу қажет. Толық емтихан бағасы келісілген төлем уақытында жүзеге асырылады (тіркеуден кейін 24 сағат ішінде). Толық емтихан бағасы уақытында төленбеген жағдайда, қатысушы емтиханға жіберілмейді.
4.2. Қате немесе артық төлем жағдайында (оның ішінде: бір курсқа екі мәрте төлеу, курсқа және/немесе емтиханға тіркеусіз төлеу, төлем мөлшерінен артық төлеу) 5 % әкімшілік төлемі ұсталып, қалған сома қайтарылады.
Бұл сома қателесіп жіберілген соманы анықтау, өңдеу және қайтаруға байланысты төлемдер үшін алынады.
5. Қатыспау
Егер емтиханға қатысушы емихан алдында ауырып қалғандықтан келмесе онда ол дәрігердің анықтамасын көрсетуі қажет. Бұл жағдайда төлем толықтай қайтарылады.
Қатыспау/тіркелуден бас тарту Қазақстандағы Goethe-Institut-қа электрондық пошта арқылы жазбаша түрде хабарлануы тиіс және емтихан басталуынан кемінде 24 сағат бұрын хабардар етуі керек.
Кәмелетке толмаған қатысушылар үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет. Goethe-Institut өзі емтиханды алып тастаған жағдайда, емтихан ақысы толық көлемде қайтарылады
Егер емтихан басталғаннан кейін қатысушы денсаулығына байланысты қатыспаса онда дәрігердің анықтамасын көрсетуі қажет.
Төлемді қайтару туралы шешімді Goethe-Institut Орталық Goethe-Institut-пен келісу арқылы ғана қабылдай алады.
6. Емтихан нәтижелері
Емтихан нәтижелері әдетте емтиханнан кейін он жұмыс күні ішінде meingoethe.de парақшасында жарияланады. Кейде ұйымдастырушылық себептерге байланысты кешігулер болуы мүмкін. Емтихан алдында қатысушылар түбіртектегі тіркеу деректерін тексеруі тиіс: аты-жөні, туған күні, туған жері және егер дұрыс емес мәліметтер болса, дер кезінде емтихан кеңсесіне электрондық пошта арқылы хабарлау керек. Жеке бас деректері түзетілген жаңа сертификат дайындау ақылы болып табылады (5000 теңге). Сертификатты емтиханға қатысушылар жеке бас куәлігін көрсетіп қана ала алады. Егер сіз өзіңіз келе алмасаңыз, сертификатты алатын адам өзінің жеке бас куәлігін және емтихан қатысушының сенімхатын көрсетуі қажет.
7. Қатысу туралы анықтама және қағаз нұсқалары
Тұрақтылық пен қазіргі заманға сай болу негізінде сертификаттар басып шығарылмайды, бірақ оларды meingoethe.de парақшасынан PDF форматында жүктеп алуға болады.
Егер қатысушы қағаздағы сертификатты қаласа немесе қағаз сертификат жоғалған жағдайда қатысқаны туралы анықтама қажет етсе, онда Goethe-Institut -қа 5000 теңге әкімшілік төлем арқылы тапсырыс беруге болады.
8. Жеке бас деректерін қорғау
Емтиханға қатысушы Goethe-Institut -қа тіркеу, есептеу және үлгерімін жүргізу мақсатында оның жеке бас деректерінің (толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, байланыс номері) электронды түрде жиналып, өңделуі үшін келісім беретінін растайды.
Емтиханға қатысушы Goethe-Institut -тың оларға әрі қарай ақпарат
жіберуіне келісім білдіреді.
9. Goethe-Institut жауапкершілігі/Оқыс жағдайлар
Қазақстандағы Goethe-Institut өз қызметкерлері үшін шарттық міндеттемелерді орындамау немесе зиян келтіру жағдайында, егер бұл жағдайлар, атап айтқанда өрт, су, дауыл немесе басқа табиғи апаттар, жарылыс, ереуіл, соғыс, көтеріліс немесе Goethe-Institut-тың жауапкершілігі немесе ықпалынан тыс қалған басқа себептерге байланысты болса, жауап бермейді.
10. Шағымдар

Неміс тілін үйрену
Неміс тілін Goethe-Institut-ының неміс тілі курсы арқылы үйреніңіз. Білікті оқытушылар мен заманауи оқыту әдістерінің арқасында біз неміс тілін табысты меңгеру жолында сіздің сенімді серіктесіңізбіз.
немесе
Неміс тілін тегін үйренуA1–C2 деңгейлері бойынша неміс тілі емтихандары
Сізге неміс тілі бойынша халықаралық деңгейде танылған сертификат қажет пе? Біз A1-ден C2-ге дейінгі барлық деңгейлер бойынша неміс тілі емтихандарын ұсынамыз.
- Дигиталды форматтағы емтихандар
- Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1
- Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1
- Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch
- Goethe-Zertifikat A2
- Goethe-Zertifikat B1
- Goethe-Zertifikat B2
- Goethe-Zertifikat C1
- Goethe-Zertifikat C2: GDS
- TestDaF
- Goethe-Test PRO: Deutsch für den Beruf