Сандық кітапхана картасы

BibToGo

Үнемі, кез-келген уақытта біздің кітапхана қызметін пайдаланғыңыз келе ме? Ендеше BibToGo оқырман билетімен бәрі мүмкін! BibToGo Гёте-Институт кітапханасының арнайы қосымшасы, онымен кез-келген уақытта біздегі мультимедиа жинағын пайдаланып, қызметтерімізден хабардар болып отыратын сіздің жеке аккаунтыңыз.

Мобильді құралыңызға BibToGo қосымшасын жүктеп алыңыз да, біздегі барлық ұсыныстарды пайдаланыңыз!

BibToGo - Bibliothek App © Goethe-Institut Indonesien

Неліктен BibToGo?

  • Гете-Институттың барлық кітапхана қызметтері бір қолданбада жинақталған
  • Кітапханадағы әрекеттерді онлайн және тәулік бойы аяқтаңыз
  • Жасылырақ жақсырақ: пластмассасыз сандық кітапхана картасы

BibToGo-ның функциясы қандай?

Электрондық/сандық оқырман билеті

Сіз BibToGo-ға біріктірілген электрондық оқырман билетін аласыз. Осы билет арқылы интернетке қосылмасаңыз да біздің кітапханадан материалдарды абонементке ала аласыз.

Жеке аккаунт

BibToGo-мен өзіңіздің жеке парақшаңызға кіріп, абонементке қандай материал алғаныңызды тексеріп, олардың пайдалану мерзімін ұзартып, немесе брондаған тапсырысыңызды тексере аласыз.

ҰСЫНЫСТАР

Бізде қандай материалдар бар екенін білгіңіз келе ме? BibToGo-ның көмегімен кітапхана каталогынан қажет кітапты іздеу өте  ыңғайлы. Ұсынылатын медиа тізімдері арқылы таңдау жасау да оңай болады.

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА

BibToGo қосымшасы неміс тілінде 35 000-нан астам электронды кітаптар, аудиокітаптар, фильмдер, журналдар, газеттер мен оқу материалдарын тегін ұсынады, жарнамасыз, кез келген уақытта, кез келген жерде!

QR-Code Viewer

Біздің коллекциялардан қалай жақсы пайда табуға болатыны туралы қосымша ақпаратты іздеп жүрсіз бе? Біріктірілген QR кодын оқу құралы кітапханада болғанда ақпараттық қондырмаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

КІТАПХАНАШЫДАН СҰРАҢЫЗ

Сұрақ туындаған кезде немесе көмек қажет болғанда BibToGo арқылы біздің қызметкерлерге хабарласыңыз.

BibToGo

BibToGo

BibToGo – Гёте Институты кітапханасының

BibToGo – Гёте Институты кітапханасының қосымшасы, әрі сіздің жеке аккаунтыңыз ретінде кез келген уақытта біздегі мультимедиялық материалдар мен қызметтерді пайдалануға арналған құралыңыз.

қосымшасы, әрі сіздің жеке аккаунтыңыз ретінде кез келген уақытта біздегі мультимедиялық материалдар мен қызметтерді пайдалануға арналған құралыңыз.

BibToGo-ны қалай орнатуға болады?

  1. BibToGo қосымшасын PlayStore немесе App Store-дан құрылғыңызға жүктеп алыңыз.
  2. Mein Goethe.de аккаунтыңызға кіріңіз.
  3. Біздің қызметкердің жанында тұрып, қосымшаны іске қосыңыз.

Жиі Қойылатын Сұрақтар

Егер біздің BibToGo қосымшамызды таба алмасаңыз, кілт сөз ретінде Goethe-Institut деп іздеп көріңіз. Егер қосымша сонда да табылмаса, онда BibToGo Goethe-Institut кітапханалары осы қызметті ұсынған елдерде ғана қолжетімді екенін ескеріңіз. Сіз тұратын елдің App Store-ын ғана пайдалану керек. Егер сізде басқа да сұрақтар туындаса, арнайы формулярды  толтырып, бізге хабарласуыңызды сұраймыз.

Біздің желіні бақылап жүріңіз