Әдеби кеш
Әдеби кештер: Штефани Һөфлердің оқулары

Құрметті неміс тілінің достары,
 
Сіздерді 2019 жылдың 1.11. жұма күні, 18.30-да Гете-Институттың кітапханасында өтетін «Оқырмандар клубының» келесі кездесуіне шақырамыз.

Гете-Институттың осы күзде өтетін мерейтойлық іс-шараларының тізбегіндегі жарқын оқиғалардың бірі халықаралық әдебиет алаңында кеңінен танымал неміс жазушысы Штефани Һөфлердің оқулары болмақ.

Штефани Һөфлердің әлем балалары мен жасөспірімдерін толғандыратын көкейтесті тақырыптарға арналған әңгімелері мен повестерін жариялай бастағанына аса көп болған жоқ. Соған қарамастан, оның Beltz & Gelberg баспасынан жарық көрген Mein Sommer mit Mucks (2015), Der Tanz der Tiefseequalle (2017) және Der große schwarze Vogel (2018) атты алғашқы кітаптарына оқырмандар мен сыншылар оң бағасын беріп, олар Германияның жастар әдебиеті саласындағы сыйлығына (Deutscher Jugendliteraturpreis) ие болып үлгерді.

Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html

 

Нақты

Тіл: Неміс тілінде
Бағасы: Кіру тегін

+7 727 2797899, 2798234 bibliothek-almaty@goethe.de

Наурызбай батыра көш.31 (Жібек жолы көш.қиылысы), «Premium», Бизнес Орталығы, 5 қабат