Сандық кітапхана Onleihe
Onleihe – Гёте-Институтының цифрлық кітапханасы (eLibrary). Бұл жерден 20 000-ға жуық неміс тіліндегі электронды кітаптарды, аудио кітаптарды, неміс тілін үйренушілерге арналған материалдарды, журналдар мен газеттерді жүктеп алуға және онлайн фильмдерді көруге болады.
Кез келген жерде, кез келген уақытта, тегін
- Материалдарды абонементке алу – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы
- Компьютерде және ноутбукта немесе Onleihe қолданбасы (Android және iOS) арқылы ұялы телефонда пайдалануға болады.
- Кітапханаға тіркелу қажет емес
Абонементке алудың оңай жолы
Тіркелу жолы оңай әрі түсінікті.