Fortbildungszentrum Zentralasien
Неміс Тілі Оқытушыларына Арналған Оқу Курстарын Ұйымдастыру Бойынша Сіздің Серіктесіңіз
Goethe-Institut 70 жылдан астам уақыттан бері неміс тілін шет тілі ретінде (DaF), сондай-ақ неміс тілі пәні оқытушыларының біліктілігін арттыру саласындағы әлемдік сарапшы болып табылады. Біз әлемнің 151 елінде қызметімізді атқарамыз.
Неміс тілі шет тілі ретінде оқытылатын, тұрақты дамып жатқан динамилық, әрі инновациялық пән. Goethe-Institut соңғы ғылыми жетістіктерді неміс тілін шет телі ретінде оқытудағы көп жылдық практикалық тәжірибемен үйлестіріп келеді.
Fortbildungszentrum Zentralasien мектептен бастап, университеттер мен кәсіптік училищелерге дейінгі барлық оқу орындарының оқытушылары үшін жоғары сапалы, кең спектрлі оқу курстарын ұсынады. Біздің курстарымыз ыңғайлы ұйымдастырылғандықтан қатысушылардың өз қажеттілігіне қарай, тақырыптар мазмұнын таңдауына мүмкіндіктері бар.
Біздің ұсынысымыз неміс тілін шет тілі ретінде оқытатын оқу орындарына (топтық тіркеу), сондай-ақ, үздіксіз білім алу мақсатымен қосымша біліктілікті игергісі келетін ынталы оқытушыларға (жеке тіркеу) арналған. Тәжірибелі оқытушылар да, жаңадан келген мамандар да біздің портфолиодан өзіне қолайлы курсты таба алады.
Оқу курстарын Орталық Азияның тәжірибелі және арнайы дайынддықтан өткен оқытушылары жүргізеді. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға 80 академ. сағаттық сертификат табысталады.
Қызықтыңыз ба? Ендеше ағымдағы оқу бағдарламамыз туралы толық ақпаратты біздің брошюрадан табасыз. Неміс тілін оқытудың болашағын бірлесіп қалыптастырайық!
Мен қатысқан Goethe-Institut-тың DaF бағытындағы біліктілік арттыру курсы көңілімде жағымды әсер қалдырды. Әсіресе неміс тілі оқытушысы ретінде менің жұмысымның басында өткен бұл алғашқы біліктілік арттыру курсы маған құнды практикалық идеялар берді, сонымен қоса ең алдымен өз бетімше кәсіби дамуым үшін ынтамды жақсы көтерді.
Goethe-Institut-тың біліктілік арттыру курстары заманауи және практикалық оқыту әдістерінің баға жетпес көзі болып табылады. Практикалық мазмұны мен әріптестермен белсенді пікір алмасудың арқасында мен өзімнің оқытушылық дағдыларымды жаңа деңгейге көтере алдым.