Толық ақпарат
Мүлдем қиын емес: Емтихан бөлімдері
Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 -тың құрамдас бөлімдері: Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша топтық емтихан).Емтихан әлем бойынша бірдей жүргізіліп, бағаланады.
Оқу
Сіз қысқаша жазбаларды, кішкене хабарламаларды, ескертулерді немесе әр жерде ілініп тұратын түрлі жазуларды оқып, берілген тапсырмаларды орындайсыз.
Ұзақтығы: 25 минут
Жазу
Қарапайым формулярларды толтырып, күнделікті өмірде кездесетін бір жағдайға байланысты өз мәтініңізді жазасыз.
Ұзақтығы: 20 минут
Тыңдау
Бір қысқа күнделікті әңгімені, телефон арқылы келген хабарды не көпшілік жерде дауыс зорайтқышпен айтылатын хабарламаны тыңдап, берілген тапсырмаларды орындайсыз.
Ұзақтығы: 20 минут
Сөйлеу
Топта өзіңізді таныстырасыз. Сосын күнделікті тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап бересіз және топтағы бір адамнан бірдеңені өтініп сұрайсыз.
Ұзақтығы: 15 минут
Емтихан алғышарттары
Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 ересектерге арналған емтихан.Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
- Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 емтиханын 16 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
- Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 үшін Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бірінші біліктілік сатысына сәйкес тіл деңгейі (A1) алғышарт болып саналады.
- Бұл деңгейге жету үшін, бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 80-нен 200-ге дейін академиялық сағат оқу қажет.