Getvico24+

GETVICO24 © Goethe-Institut (Nikolaus Urban)

GETVICO24+ - бұл неміс тілі мұғалімдеріне арналған виртуалды конференция, оның көмегімен сіз 24 сағат ішінде бүкіл әлемді «шарлап шығуға» мүмкіндік аласыз.

Биыл GETVICO24+ конференциясы 2022 ж. 19- қазан мен 20 –қазан арасында  орталық еуропа уақыты бойынша  өтеді. Конференцияға қатысуға өтінімді дәл қазірден бастап беруге болады. Тіркелу туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады.
Бағдарлама және тіркелу

 

Тіркелу басталды GETVICO24+: виртуалды  конференцияға қатысу үшін тіркелуді қазірден бастауға болады  

Бәрі қайтадан басталды! Биылғы жылы  "плюс" бар:  Сіздерді 28 сағат бойы  мұғалімдер мен оқытушылардың  мұғалімдер мен оқытушылар үшін баяндамалары күтеді. Конфренцияға қатысу тегін және қазірден бастап ашылды.

Тіркелу

Zoom платформасында GETVICO24+ тіркелгеннен кейін Сіздер біздің бағдарламаның жаңалықтарын конференция басталғанша, қазанның 19-на дейін үнемі алып тұратын боласыздар.

Конференция ұраны -"Мұғалімнен  мұғалімге": неміс тілін шет тілі ретінде оқытудағы тәжірибелерімен дүние жүзінің  барлық  мамандары бөлісетін болады.

Биылғы жылы, панельды пікір алмасу мен бағдарламаның басқа баяндамаларынан тыс мынадай екі форматты ұсынамыз:
- 30-минуттық баяндамалар, сұрақтар мен жауаптар сіздерге бұрынғы жылдардан таныс форматта.
- 45-минуттық баяндамалар, соңынан  секцияларда тақырыптарды талқылау.

Конференцияны өткізу үшін Zoom Events бағдарламасы қолданылады. Ол үшін тіркелу қажет, алайда сіз тегін аккаунтты да таңдай аласыз. Сізден өтінеріміз, осы бағдарламаны өз  компьютеріңізде қолдана аласыз ба соны тексеріңіз, веб-камера мен микрофон қосылулы болу керек (бірге болса) және тұрақты түрде Интернет байланысы болу керек.

Тіркелудің алдында құпия сақтау ережесімен толық танысыңыз. Zoom Events бағдарламасымен тіркелуді жүргізу арқылы құпия сақтау ережесімен таныстым деп мәлімдейсіз.  


 
Осы сілтемемен ары қарай жүру арқылы, тіркелуді бастауға болады.
Төменде сіз тіркелу нұсқаулығын (неміс тілінде) таба аласыз.

Тіркелу нұсқаулығы


Егер сұрақтарыңыз болса жазыңыз: getvico24@goethe.de.
 

© Goethe-Institut

Байланыс

Егер сұрақтарыңыз бола, онда getvico24@goethe.de немесе өз еліңіздегі осы хабарды таратқан Гёте-Институтқа хабарласыңыз.