Деңгейлер А1-С2
Неміс тілі курстары және Неміс тілі емтиханадры
Ең бастапқы деңгейде шет тілін меңгеру
A1
- Маған таныс сөздер мен сөйлемдерді белгілі бір жағдайларда түсіне және қолдана аламын.
- Өзімді және басқа адамдарды таныстыра аламын, және де өзінің тұратын жерім жайлы, таныстарым жайлы, өз жеке меншігім жайлы қысқа сұрақтарға жауап бере аламын.
- Қиын емес әңгімеге қатыса аламын, егерде әңгімелесетін адам менімен ақырын және нақты әңгіме құрса және де маған көмектесуге даяр болса.
A2
- Жеке сөйлемдер мен және күнделікті өмірде жиі кездесетін сөз тіркестерін, мысалы өзім жайлы, туыстарым жайлы, дүкендерде зат сатып алу немесе жұмысқа орналасу кезінде кездесетін сөз тіркестерін түсіне аламын.
- Күнделікті өмірде жиі қолданылатын мағлұматтарды түсіне және қолдана аламын.
- Жай сөйлемдерді қолдана отырып өзім, туыстарым мен таныстарым жайында әңгіме құра аламын.
Ортаңғы деңгейдегі шет тілін меңгеру
B1
- Жұмыста, оқуда және бос уақытта кездесетін темаларға байланысты әдеби тілде берілген ең маңызды және тура мағлұматты түсіне / қолдана аламын.
- Мен меңгеріп жүрген тілде сөйлейтін елде болсам көп жағдайларда түсінісе аламын.
- Өзімді өте қызықтыратын және таныс темаларға әңгіме құра аламын.
- Алдыма қойған жоспарларым, үміттерім, оқиғалар және әсерлерім жайында әңгімелей аламын.
B2
- Бәлгілі бір темаға арналған абстрактты және тура мағыналы қиын мәтіндер мазмұнын түсіне аламын.
- Шет елдіктермен үнемі қиындықсыз тез және спонтанды темаларда әңгімелесе аламын.
- Олармен әр-түрлі темаларда әңгіме құра отрырып, өз ойымды толық жеткізіп, пікір таласа аламын.
Жоғары деңгейде шет тілін меңгеру
C1
- Жасырын мағыналы өте қиын темаларға арналған мәтіндерді түсіне аламын.
- Жылдам және ойланбастан, еш қиындықсыз әр-түрлі сөз тіркестерін қолдана отырып әңгімелесе аламын.
- Ғылым және қызмет бабында тілді жылдам қолдана аламын.
- Толық және нақты, қиын сөз тіркестерін отырып құрастырылған мағынасы терең хабарламаларды жасай аламын.
C2
- Жазбаша немесе ауызша мағлұматтарды толық түсіне отырып, сол жайында жақсы мәтін құрастыра аламын.
- Жылдам және ойланбастан, еш қиындықсыз тура мағынасын жеткізе отырып әңгіме құра аламын.
Неміс тілін меңгеру
Неміс тілін Қазақстан Гёте-Институтында, Германияда немесе онлайн үйреніңіз.
немесе
Неміс тілін тегін үйренуНеміс тілі емтиханадры A1–C2
Өз біліміңізді Гёте-Институт емтихандары арқылы тексеріп, сертификат алыңыз.
- Дигиталды форматтағы емтихандар
- Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1
- Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1
- Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch
- Goethe-Zertifikat A2
- Goethe-Zertifikat B1
- Goethe-Zertifikat B2
- Goethe-Zertifikat C1
- Goethe-Zertifikat C2: GDS
- TestDaF
- Goethe-Test PRO: Deutsch für den Beruf