Logo Goethe-Institut

Қазақстан

Оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру және тіл курстары

Барлық білім беру бағдарламалары Жалпы еуропалық кәсіби құзыреттілік шкаласына сәйкес (Europäisches Profilraster für Sprachlehrende, EPR қараңыз) неміс тілі пәні оқытушыларының негізгі құзыреттіліктеріне негізделген, осылайша әрбір семинар белгілі бір негізгі қабілетті дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, біз топтар үшін жеке оқу курстарын ұсынамыз, оларды сіздің жеке қажеттіліктеріңізге қарай бейімдеуге болады.

  • Қолайлы оқу
  • Интерактивтік режимде тереңдетілген білім
  • Заманауи оқыту әдістерін қолдану
  • Желі құру

© Goethe-Institut/Sonja Tobias

Методикалық-дидактикалық біліктілікті жетілдіру

Лексика үйрету © Goethe-Institut, GettyImages

Практикаға бағыттай жоспарлау және интерактивті оқыту

  • Алуан түрлі және тұрақты
  • Cабақты жоспарлау стратегиясы
  • Өз тапсырмалары мен жаттығуларын дайындау
  • Деңгейі
    B2, C1

  • Басталуы
    2025 ж. қазан және қараша

  • Ұзақтығы
    10 апта

  • Бір аптадағы сабақ саны
    8 академиялық сағат (ак. сағат - 45 минут)

  • Жалпы көлемі
    80 ак. с.

  • Қатысушылар
    ең көп дегенде 16

  • Бағасы
    115.000 KZT бір адамға

Бұл біліктілікті жетілдіру курсы Сізді оқушыларды ынталандыратын және оларды мақсатқа сенімді түрде жетелейтін нәтижелі неміс тілі сабақтарын жоспарлаудың тиімді әдістерімен таныстырады. Сіз әртүрлі жаттығулармен танысып, кері жоспарлауды тәжірибеде қолданасыз және өз оқушыларыңызға арналған жаттығуларды рет-ретімен орындауға дайындайсыз. Сонымен қатар сіз, мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестік, әлеуметтік формалар және сабақ жүргізу әдістерінің көмегімен тіл меңгерудің жолдарымен танысасыз. Осылайша, Сіз мақсатты жоспарлауды нақты оқыту тәжірибесімен үйлестіре аласыз.

Форматтар:
Синхронды оқыту: Zoom | 10 академиялық сағат
Асинхронды  оқыту: оқу платформасы (Moodle) арқылы | 70 академиялық сағат

Грамматиканы жеңіл үйрету © Goethe-Institut, GettyImages

Қателіктерден фонетикаға дейін: неміс тілін тиімді оқытудың негізгі құзыреттері

  • Ынталандырушы, интерактивті және тиімді
  • Дедуктивті және индуктивті әдістер
  • Дидактикалық маңызды кері байланыс
  • Деңгейі
    B2, C1

  • Басталуы
    2025 ж. қазан және қараша

  • Ұзақтығы
    10 апта апта

  • Бір аптадағы сабақ саны
    8 академиялық сағат (ак. сағат - 45 минут)

  • Жалпы көлемі
    80 ак. с.

  • Қатысушылар
    ең көп дегенде 16

  • Бағасы
    115.000 KZT бір адамға

Осы біліктілікті жетілдіру курсында сіз төрт негізгі бағытта практикалық дағдыларды дамытасыз: қателіктерді түзету бойынша жұмыс мәдениетін қалыптастыруды үйренесіз, қателіктер себептерін талдап, оларды түзетуге ықпал ететін оқыту әдістерін қолданасыз (ауызша/жазбаша). Сіз индуктивтік/дедуктивтік әдістер арқылы грамматиканы үйретудің мотивациялық әдістерімен таныса отырып, өзіңіз интерактивті жаттығуларыңызды жасайсыз. Сөздік қормен жұмыс істеуді және тұрақты бекіту стратегиялары арқылы оңтайландырасыз. Фонетика бойынша біліміңізді жүйелендіріп, функционалды тыңдауды қолдана отырып, айтылымдағы қателіктерді талдап, нақты кері байланыс орнатасыз. Осылайша, сіз оқушыларға бағытталған коммуникативтік сабаққа арналған құралдардың ауқымын кеңейтесіз – бұл қателіктерді түзетуден бастап дұрыс айтуға үйретуге дейін.

Форматы:
Синхронды оқыту: Zoom | 10 академиялық сағат
Асинхронды оқыту: оқу платформасы (Moodle) арқылы | 70 академиялық сағат
 

Мұғалім рөлін түсіну © Goethe-Institut, GettyImages

Неміс тілі сабағын қайта қарау: құрылымды жоспарлау, рөлдерді бөлу және дағдыларды жаттықтыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

  • Өзінің оқытушылық ролін қайта қарау
  • Оқушыларға арналған сабақтардың ерекшеліктерімен танысу
  • Топтарды құру тәсілдерімен танысу
  • Деңгейі
    B2, C1

  • Басталуы
    2025 ж. қазан және қараша

  • Ұзақтығы
    10 апта

  • Бір аптадағы сабақ саны
    8 академиялық сағат (ак.сағат - 45 минут)

  • Жалпы көлемі
    80 ак. с

  • Қатысушылар
    ең көп дегенде 16

  • Бағасы
    115.000 KZT бір адамға

Осы біліктілікті арттыру курсында Сіз қазіргі заманғы неміс тілі сабақтарының тұтастығын дайындайсыз: тапсырмаларды мақсатты жоспарлау және қабылдау дағдыларын (тыңдау/оқу) нығайту арқылы мына дағдыларды (сөйлеу/жазу) дамытуды үйренесіз. Сонымен бірге Сіз мұғалім ретіндегі рөліңізді, оқытуға ықпал ететін мұғалім әрекеттерін талдайсыз және әртүрлі топтарды ынталандыру әдістерін қолданып көресіз. Ең соңында Сіз сабақтың құрылымын жоспарлауды меңгересіз- бұл сабақ кезеңдерін дайындау арқылы мақсатты белгілеуден бастап, сабақ эпизодтарын өз бетіңізше құруға дейін.


Форматы:
Синхронды оқыту: Zoom | 10 академиялық сағат
Асинхронды оқыту: оқу платформасы (Moodle) арқылы | 70 академиялық сағат
 

Неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларға

Eine Lehrerin arbeitet am Laptop in der Bibliothek. © Goethe-Institut, Getty Images © Goethe-Institut, GettyImages

Неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларға

  • Өз білімін жаңғырту
  • Өз құзіретін бекіту
  • Елтану білімін тереңдету
  • Деңгейі
    B1, B2, C1

  • Басталуы
    2025 ж. қазан және қараша

  • Ұзақтығы
    10 апта

  • Бір аптадағы сабақ саны
    8 академиялық сағат (ак.сағат - 45 минут)

  • Жалпы көлемі
    80 ак. с.

  • Қатысушылар
    ең көп дегенде 16

  • Бағасы
    115.000 KZT бір адамға

Сіз неміс тілін оқытасыз және өзіңіздің тілдік дағдыларыңызды B1, B2 немесе C1 деңгейлерінде жаңартқыңыз, елтану білімін тереңдетіп, сабақтарыңызды ана тіліне жақын етіп өткізгіңіз келе ме? Осы 10 - апталық онлайн курста сіз үйде отырып-ақ, қажетті дағдыларды (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) жаттықтыра аласыз. Сіз оқу платформасында ортақ тапсырмаларды орындайсыз, тәжірибелі тәлімгердің жетекшілігімен 5 виртуалды сессияда (90 ак. сағ.) сөйлесуге жаттығасыз және қоршаған орта, күнделікті мәдениет немесе білім жүйесі сияқты өзекті тақырыптарға кірісіп кете аласыз.

Форматы:
Синхронды оқыту: Zoom | 10 академиялық сағат
Асинхронды оқыту: оқу платформасы (Moodle) арқылы | 70 академиялық сағат

Бізбен байланыс

Біз сіздерге кеңес беуге әзірміз:

Біздің желіні бақылап жүріңіз