Logo Goethe-Institut

Қазақстан

Ұтысқа қатысу шарттары

Banner Bildungs-Pingpong Goethe-Institut

„Bildungs-Pingpong“ ұтысына қатысу шарттары 11.11.2023

1. Ұтыс

1.1. „Bildungs-Pingpong“ ұтысын Грузия, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдеріндегі Гёте-Институттар ұйымдастырады.
1.2. Ұтысқа қатысу тек қана онлайн форматта өтеді және қатысушылар үшін ақысыз (қатысушының ғаламторға қосылу шығынын есептемегенде).
1.3. Ұтыс 11.11.2023 күні сағат 12:00-13:30 аралығында Zoom-да өтетн іс-шара кезінде ұйымдастырылады. Ұтыстың уақыты сол іс-шара уақытымен шектелген. Аталмыш шарттарда көрсетілген уақыттардың барлығы да Орталық Еуропаның уақытына негізделген (ортаеуропалық уақыт, „CET“).

2. Қатысу
2.1. Қатысушы ұтысқа қатысуы арқылы аталмыш шарттармен өзінің толық келісетіндігін білдіреді.
2.2. Ұтысқа кез келген жеке тұлға қатыса алады. 18 жасқа толмаған қатысушы өзінің заңды қамқоршысының рұқсаты бар екендігіне кеплдік береді.
2.3. Ұтысқа Гёте-Институт айтып отырған шарттар аясында Zoom-да Q&A бөлімінде бір немесе брнеше сұрақ қойған әрбір адам қатысады.
2.4. Ұтысқа қатысу мен жеңіске жетудің қандай да бір тауарды сатып алу немесе қызметті тұтынумен байланысы жоқ.

3. Ұтысты өткізу мен жеңімпазды анықтау
3.1. Ұтысқа қатысу үшін іс-шара кезінде Zoom-да Q&A бөлімінде сұрақты (сұрақтарды) неміс, грузин, орыс және өзбек тілдерінде жіберу керек.
3.2. Әрбір қатысушы қанша сұрақ қойса да – өз еркі. Сұрақтарды 11.11.2023 күні Zoom-да өтетін онлайн іс-шара кезінде сағат 12:00-13:30 аралығында қоюға болады.
3.3. Іс-шара кезінде жіберілген барлық сұрақтардың ішінен кездейсоқ таңдау амалы арқылы бір жеңімпаз айқындалып, есімі соңында жарияланады. Ұтысты Қазақстандағы Гёте-Институттың 15.01.2024 - 31.12.2024 аралығында жанды немесе онлайн-форматта өтетін тілдік курстарына стипендия құрайды. Ұтыс қолма-қол ақша түрінде берілмейді.
3.4. Жеңімпаздың тіркелу кезінде көрсеткен электрондық адресіне үш жұмыс күнінің ішінде Гёте-Институттан хабар жіберіледі. Жеңімпаз ретінде таңдалып алынбаған қатысушылар ондай хабар алмайды.

4. Авторлық және жеке тұлғалық құқықтар
4.1. Қатысушылар Гёте-Институтқа өздерінің аталмыш бәйгеге қатысу мақсатында жіберген сұрақтары үшін кеңістіктік және уақыттық тұрғыдан шектелмеген, ал мазмұндық тұрғыдан аталмыш бәйгемен шектелген, сондай-ақ мәлім және беймәлім қолдану түрлеріне қатысты қарапайым тұтыну құқығын береді. Бұған әсіресе, ғаламторда жариялау мүмкіншілігі, соның ішінде сұрақтарды YouTube-де қолдану мен көпшіліктің назарына ұсыну да жатады. YouTube-де бейнеролик ретінде қайтадан қолданылуы да мүмкін. Қолдануға құқық ақысыз беріледі. Гёте-Институт жоғарыда атап көрсетілген құқықтарды үшінші тараптарға ұсынуға құқылы.
4.2. Қатысушылар өздерінің жіберген сұрақтарына үшінші тараптардың құқықтары жоқ екендігін, олардың әсіресе, авторлық немесе басқа да жеке тұлғалық құқықтардан азат екендігіне және өз еріктерінде екендігіне кепілдік береді. Олар Гёте-Институтты аталып көрсетілген кепілдіктердің жарамсыздығын алға тартқан үшінші тараптардың талаптарынан босатады.
4.3. Гёте-Институт қатысушылардан келген сұрақтарды қолдануға құқылы, брақ міндетті емес. Гёте-Институт сұрақтарды қолдану барысында қатысушылардың есімдерін өзінің вебсайтында, YouTube-де немесе әлеуметтік желілерде атап көрсетпейді.

5. Жауапкершілік
Гёте-Институт қатысушылардың жіберген деректерінің жоғалып кеткені немесе толық болмағаны үшін – ондай жайт Гёте-Институттың немесе оның қызметкерлерінің қасақана жасаған немесе ұқыпсыз қатынасынан болмаған жағдайларда – жауапты емес. Бұған сондай-ақ ақпараттарды жалғау / жеткізу кезінде орын алған техникалық ақаулардан болып оларға үшінші тараптардың қол жеткізуі және / немесе рұқсатсыз кіріп, қол жеткізуі де жатады.
5.2. Гёте-Институттың шығын өтеу мәселесіне қатысты жауапкершілігі үшін заңмен бекітілген басқа да талаптардың алғышарттарына зиян тигізбей отырып, осы 5-тарауға сай төмендегі өзін жауапкершіліктен босатулар мен жауапкершілікті шектеулер жарамды болып табылады.
5.3. Болған залал қасақана жасалса немесе ұқыпсыздықтан болып орын алған жағдайда Гёте-Институт жауапкершілікті толық мойнына алады.
5.4. Сонымен қатар Гёте-Институт маңызды міндеттеріне келісім-шарттың мақсатына қол жеткізуге зияны тиетіндей деңгейде жеңіл қарап, бұзған жағдайда немесе ұтыс ойынын лайықты деңгейде өткізуге қажетті және қатысушылар әдетте олардың сақталуына сенетін міндеттерді бұзған жағдайда жауапкершілікті мойнына алады. Мұндай жағдайда Гёте-Институт болжамды, әдетте келісім-шарттарда көрсетілетін залалдар үшін ғана жауап береді. Гёте-Институт осы атап көрсетілгеннен басқа міндеттердің болымсыз бұзылғаны үшін жауап бермейді.
5.5. Атап көрсетілген жауапкершіліктегі шектеулер өмірге, тәнге және денсаулыққа залал келген жағдайда сапа кепілдігін қабылдап алып қойғаннан кейін білінген ақаулар мен қасақана жасырылған ақаулар жағдайында жарамды сипатын жояды.
Өнімнің сапасына қатысты заң бойынша жауапкершілік өз орнында.
5.6. Егер Гёте-Институттың жауапкершілігі жоқ немесе шектеулі болса, Гёте-Институттың қызметкерлері, өкілдері және сенімді тұлғаларының да жеке жауапкершліктері сондай сипатта болады.

6. Деректерді қорғау
6.1. Қатысушы бәйгеге қатысу мүмкіншілігі үшін Гёте-Институтқа бәйгеге қатысу мақсатында өзі берген жеке тұлғаға қатысты деректерді олар бәйгенің өтуі және / немесе 4-бапқа сай қолдану құқықтарын жүзеге асыру үшін қажет болса, өңдеуге келісім береді. Тұлғаға қатысты деректерге адамның аты-жөні, байланыс деректері, суреттерімен қатар қатысушының өзі туралы берген басқа да мәліметтері жатады.
6.2. Қатысушы бәйгеден кез келген уақытта бас тартып, Telegram-да көрсеткен деректерін өшіріп немесе бұғаттап тастауына болады. Ал Гёте-Институттың ол деректерді ары қарай өңдеуіне жол бермеу үшін Гёте-Институтқа бас тарту туралы өтініш жазу қажет (қосымшадағы DSGVO 13-бапқа қатысты мәліметтерді қараңыз).
6.3. Гёте-Институт деректерді қорғауға қатысты заңды ережелерді ұстанады.
6.4. Ұйымдастырушы қатысушылардан жинаған төмендегідей деректерді тек „Bildungs-Pingpong“ ұтыс ойынын дайындап, ұйымдастырып, өткізу үшін ғана қолданады. Деректерді өңдеу DSGVO 6-бабының 1 b тармағына негізделеді.
6.5. Деректер бәйге ауқымынан тыс қолданылмайды немесе басқа бір себептерден болып үшінші тараптарға берілмейді.
6.6. Гёте-Институт қатысушылардың жеке басына қатысты деректерді ұтыс ойынын өткізуге қажетті деңгейде ғана сақтайды. Ұтыс аяқталған соң қатысушылардың жеке басына қатысты барлық деректер бірден өшіріледі.

7. Бәйгеге қатыса алмайтындар
7.1. Гёте-Институттың қызметкерлері мен олардың туыстары ұтыс ойынына қатыстырылмайды.
7.2. (i) Жеке басына қатысты жалған деректер берген, (ii) заңға немесе аталмыш шарттарға қайшы мәліметтер берген, (iii) аталмыш шарттарды ұстанбаған немесе (iv) ұтыс ойыны үшін алынған электрондық құрылғылармен манипуляция жасаған немесе оларды басқа да жолмен асыра пайдаланғандар ұтыс ойынына қатыстырылмайды.

8. Бәйгені уақытынан бұрын аяқтау
8.1. Гёте-Институт ұтыс ойынының қол жетімділігі мен жүзеге асуына кепілдіктің жоқ екенін атап көрсетеді. Ұтыс ойыны қандай да бір сыртқы факторлар мен себептерден болып уақытынан бұрын аяқталып немесе өшіріліп қалуы мүмкін. Мұндай жайттар қатысушыларға Гёте-Институт қызметкерлеріне наразылық танытуға жол бермейді. Бұған ұйымдастырушылық немесе техникалық проблемалар (мысалы: компьютер жүйесіндегі вирустар, манипуляциялар немесе құрылғыдағы және / немесе бағдарламалық жүйедегі қателер), сондай-ақ Telegram платформасының ережелерге өзгерістер енгізуі мен шешімдері жатады.
8.2. Гёте-Институт ұтыс ойынын алдын-ала ескерту жасамай және себептерін атап көрсетпей-ақ, кез келген уақытта тоқтатуға құқылы.

9. Қорытынды ережелер
9.1. Жеңімпазды анықтауды ұйымдастыру мен оның нәтижелеріне қатысты сотқа жүгінуге жол жоқ.
9.2. Бәйгені өткізу мен оған қатысатын жеке тұлғалардың құқықтық қарым-қатынастары қатысушылардың бәйгеге қай елді мекеннен қатысып отырғанына қарамастан, Германия Федеративтк Республикасының құқығына сай реттеледі. Бұл құқықтық таңдау тұтынушыларға өздері әдетте өмір сүретін мемлекеттің тұтынушыларға ұсынатын міндетті құқық қорғау ережелеріне сай қорғаудан айырылып қалмайтындай деңгейде ғана жарамды. 9.3. Аталмыш қатысу шарттарының жекелеген ережелері жарамды сипатқа ие бола алмаса басқа шарттардың жарамдылығы өз күшінде қалады.
9.4. Аталмыш қатысу шарттары неміс, қазақ және орыс тілдерінде дайындалған.

Қосымша:
Жеке тұлғалар туралы деректерді өңдеуге қатысты DSGVO 13-бапқа сай ақпарат
Жауапты тұлға:
Goethe-Institut e.V.,
Oskar-von-Miller-Ring 18, 80333 Мюнхен
Деректерді қорғауға жауапты бөлімнің электрондық адресі: datenschutz@goethe.de
Біз бейін есімі мен байланыс деректері (басты деректер) сияқты жеке тұлғаға қатысты сіз ұсынған деректерді бәйгеге қатысу туралы келісім-шартты және бізге берілген құқықтарды жүзеге асыру үшін өңдейміз. Бұл іс құқықтық тұрғыдан DSGVO 6-бабының 1 b тармағына негізделеді.

Бұл деректер ұсынылмайынша, бәйгеге қатысу мүмкін емес.

Біз сонымен қатар деректерді келісім-шарт мерзімі және өзіміздің құқылы мүдделерімізді қорғау мақсатында заңды сақтау міндеттері аяқталған соң да өңдейміз. Бұл жайт бізге талаптарды орындап, келісім-шартқа қатысты дау туған жағдайларда наразылықтардан қорғануды және сонымен қатар құқықтар бұзылған жағдайларда үшінші тараптармен соттық дауларда өз құқықтарымыз үшін дәлелді қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда деректерді заңды кеңесшілерге, өзіміз оларға қарсы наразылық көтерген немесе бізге қарсы наразылық көтерген үшінші тараптарға, сондай-ақ билік органдары мен соттарға тапсырамыз. Бұл іс құқықтық тұрғыдан DSGVO 6-бабының f тармағына негізделеді.

Сіздердің деректеріңізді жоғарыда атап көрсетілген мақсаттардың бірі үшін қажет болғанға дейін сақтаймыз.

Сіздің төмендегідей құқықтарыңыз бар: біз өңдейтін жеке тұлғаға қатысты деректер туралы ақпарат беруге, қате деректерді түзетуге, қажет емес сипатқа көшкен деректерді өшіруге немесе өңдеуді шектеуге және деректерді жалғауға. Деректерді қорғау құқығы бұзылған жағдайда қадағалау органына шағым түсіруге құқығыңыз бар.

Қарсылық көрсету құқығы: Сіз өзіңіз туралы деректердің тікелей маркетинг мақсатында қолданылуына қарсы шыға аласыз. Сіз жеке басыңызға қатысты себептерден болып өзіңіз туралы деректердің құқылы мүдделерді қорғау мақсатында да өңделуіне қарсы шыға аласыз.

Гёте-Институттағы деректерді қорғауға қатысты ақпараттарды мына сайттан табуға болады: https://www.goethe.de/ru/dat.html