Quest:Karriere

Der Digitale Berufsmarathon © Der Digitale Berufsmarathon

Сен бір дигиталды өнімнің қалай дайындалатынын сұрап көрдің бе? Дигиталдық саланың тартымды мамандықтарына  қызығасың ба? Онда тура осы тақырып 2023 ж. 17-22 сәуір аралығында өтетін „Quest:Karriere“ мамандықтар  онлайн марафонында болады.

Квест ойын

17-22 сәуір аралығында Telegram-да  дүйсенбіден жұмаға дейін марафонға қатысушылар «KIDS interactive» атты неміс дигиталды агенттігінің күнделікті кәсіби өмірінен  онлайн-квест форматында мәлімет ала алады: олар бір өнімді шығару идеясынан бастап, концепция мен монтаж, графика, анимация, видеопродакшн мен бағдарламалауға дейінгі жолымен жүре отырып, дауыс беру арқылы соңғы нәтижелерге әсер ете алады.  

Квест ойыны кезінде үйренетінің:

  • Өнімді дайындау неден басталады;
  • Оған кімдар қатысады және олардың нақты мақсаттары қандай;
  • Күнделікті кәсіби өмірінде сарапшылар қандай қиындықтарды кездестіреді.
Telegram-арнасына жазылып ал да,  немісше, қазақша немесе орысша квест ойынға  бірге қатыс!
@quest_karriere_ru
Questspiel DE ©   Questspiel DE
Questspiel RU ©   Questspiel RU

Сарапшылармен сұхбат

Сенбі күні,  22-сәуірде Германия уақытымен сағ. 10:00-нан 15:00-ге дейін  квест ойынның қорытындысы жарияланатын болады  және дайын өнімді  «KIDS interactive»  агенттігінің неміс сарапшылары таныстырады және түсініктеме береді. 

Германия мамандарынан басқа бұл іс-шарада қазіргі таңда Германияда оқып жатқан немесе оқып кеткен Грузия, Қазақстан, Өзбекстан мен Украина студенттері де қатысады. Сарапшылар мен студенттер трансляция жүргізушісімен байланыста болып, өздерінің оқу және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Тікелей трансляция кезінде көрермендердің  сұрақтарын мамандар мен студенттерге Telegram арқылы қоюға мүмкіндіктері бар.  Бұл трансляция қазақша және орысшаға тікелей аудармамен беріледі.

 

НЕМІСШЕ

ОРЫСША

Сарапшыларды таныстырамыз

Марафонға «KIDS interactive» атты неміс дигиталды агенттігі сарапшылары қатысады, олар нақты жобалар үлгісінде бір ұжымның белгілі бір білім жобасымен қалай жұмыс жасайтынын көрсетеді. Біз сарапшылар мен олардың қызметімен таныстырамыз:

жоба менеджменті


IҮнемі бәрін назарда ұстау және тың болу  – бұл  Аника Бернгардт пен Тереза  Бальд ханымның ұстанымы. Eгер бір жоба туралы идея болса, олар бір жағынан клиенттермен тікелей  қарым-қатынаста болады, ал екінші жағынан жоба ұжымымен де байланыста болады. Бұл жерде стратегиялық қарым-қатынас, нақты жоспар, дұрыс  үйрете білу, және ең алдымен ұжымдық жұмыс маңызды.



Жобаларды шағын жұмыс құрылымдарына бөлу, ұжымға жеткізіп беру. Уақытты жоспарлау, хаттар жазу, немесе  телефон видео- қоңырауларына жауап-бұл күнделікті Аника мен Тереза   орындайтын тапсырмалар. Олар бүкіл медиа жобаларды жоспарлау кезеңінен бастап орындалғанына дейін  басқарып отырады және барлығы дер кезінде  дайындалуын қадағалайды, сонымен қатар бюджетке енгізілуін реттейді.


КОНЦЕПЦИЯ / РЕДАКЦИЯ


Дигиталды ұсынымдар Ангела Брок ханымның ойы бойынша  креативті , жағымды және зерттелген  болу керек.  Оның идеялары басынан бастап  барлық жобалар үрдісіне бірге кіреді  – жалпы жобадан бастап шағын істер арқылы түймені басуға дейін.  Aнгела өзінің дизайн, видеопродакшн және жүзеге асыру бөліміндегі  әріптестерімен тығыз байланыста болады, сонда ғана олардың идеяларын жүзеге асыруға болады. Ол тұрақтылық, медиялық құзірет, неміс тілін, мәдениеті мен тарихын  оқыту үшін жауапты тұлға.  Әрбір жаңа жобамен бірге жаңа бір сала келеді, ал Ангела соларды зерттеп, мәтін жазып, клиенттердің ойларымен танысып, қарастырады.


ГРАФИКА / АНИМАЦИЯ

Евгения Косманың жүрегі эстетика мен дизайн деп соғады.  Оның репертуарында сан алуан дизайн құралдары мен техникасы бар, ол оларды қажетіне қарай ретімен жобаларға қолданады.  Оның қолы да креативті, ол қосымшалар мен веб- парақшаларына  дизайн жасайды, постер дайындайды және оқу анимациясын жасайды. Евгения егжей-тегжейге аса көп  көңіл бөледі.  Ол ешнәрсені мүлт жібермейді, мұны оның дайындау бөліміндегі әріптестері де жақсы біледі.  KIDS interactive-ұжымындағы креативті  бөлімнің бір бөлшегі ретінде Евгения басқа дизайнерлермен де тығыз жұмыс жасайды.   


ВИДЕОПРОДАКШН

Видеопродакшн ісін  Кристиан Албихт пен Мелиса Ландскорн ханым   толық қолға алған. Өздерінің күнделікті жұмыстарында олар сценарий мен оның құрамдарына, сценарийді жоспарлау мен жүзеге асыру, дайын материалды өңдеу және пост шығару үшін жауапты болып табылады.  Ақпараттар мен жолдауларды өте жақсы етіп фильмдеу жұмысы да олардың құзырында.




Олар концепция мен графика бөліміндегі әріптестерімен бір ұжымда креативті шешімдер шығаруда. Кристиан мен Мелиса көрермендердің пікірлерін  суреттерді қозғалысқа түсіретіндей аударады. Талантты видео шығарушылар ретінде олар KIDS interactive ұжымының  аса маңызды бөлігі болып табылады.


Қосымшалар мен сайттарды өңдеу
 

Қосымшаларды өңдеуші ретінде  Карстен Силякс барлық идеялар, медиа, дизайн және анимацияны  өз бағдарламасына біріктіреді.  Оның қолынан дайын өнім пайда болады. Карстен iOS пен Android -қа қосымшаларды өңдейді – ойнай отырып  оқу қосымшаларынан бастап  көрмелерге арналған инновативті  табиғи қосылған қолданымдарға дейін. Өңдеу ісінде ол жаңа технологиялық дамуды, клиенттердің пікірін бейіммен қарастырады, тексеру кезеңіне жетекшілік етеді,  және уақытты қадағалап отырады.



Кей жобаларда қосымшалар мен сайттарды өңдеу ісі бірлесе жұмыс жасайды. Макс Панцер, мысалы, белгілі бір қосымшаларға редакциялау немесе мазмұнын жүктеу қажет болған жағдайда  сайттарды өңдеуде іске қосылады. Оның сыртында ол көптеген оқу платформаларын қолдануды, ойындардан бастап  медиалық білім алуға дейін, cол сияқты бастапқы мектеп оқушыларына  жазуды үйретуге дейін дайындайды. 

 

Kids Interactive туралы

KIDS interactive ©   KIDS interactive
KIDS interactive – бұл 25-адамнан тұратын біртұтас  ұжым, олар концепция, дизайн және бағдарламалау салаларының сарапшылары,  барлық салаларға арналған қызықты, интерактивті  медиялық білімді дайындайды.  Олардың жобаларда  10-жылдық тәжірибесі бар, инновациядан рахат алған, жас буын топтарын жақсы танитын адамдар жиналған, олар интерактивті оқу және ойын медияларын өңдеу және іске қосу  жұмыстарына машықталған. Мұнда барлығы бірге ойын-сауық элементімен  оқу мен  қашықтан оқу жобаларынан бастап, білім саласындағы   кешенді онлайн-ұсыныстар мен қосымшаларға дейін қарастырылған. Бұл ұжым сонымен қатар терең оқу немесе ерекше интерактивті оқиғалар болғанда виртуалды және табиғи қосылған технологияларды іске қосады.

 

Бұл жобаны Германия сыртқы істер министрлігі  қаржыландырады.


Auswärtiges Amt © © Auswärtiges Amt Auswärtiges Amt © Auswärtiges Amt