Logo Goethe-Institut

Қазақстан

Неміс тілін тегін оқу

Қамераға жымия қарап тұрған жастар © Goethe-Institut

Гёте -Институтта сен неміс тілін нағыз мамандардан үйренесің. Біз саған неміс тілін үйрену үшін көптеген тегін медиа-материалдарды дайындап қойдық, олар: оқу материалдары бар қосымшалардан бастап видеолар, сол сияқты, подкастар мен ойындар, әлеуметтік желілер мен қауымдастар ұсыныстары. Неміс тілін жақсы сөйлейсің бе және неге жақсырақ білгің келеді, ол маңызды емес: ең бастысы, сенің бастап оқығаның - әрі шын көңіліңмен бастағаның.

Deutsch für dich (Неміс тілі сен үшін)

Бірге неміс тілін тегін оқу: тіл деңгейіңізге сай материалды және тақырыптарды тауып, өзіңіздің оқулықтар тізіміңізге қосыңыз. Форумнан оқуға байланысты кеңестер алып, басқа адамдармен пікір бөлісе  аласыз.

Көгілдір жиек алдында төрт жас бірге ұялы телефондары мен планшеттеріне қарауда © Shutterstock.com, Rawpixel.com © Shutterstock.com, Rawpixel.com

Тақырыпқа орай сенің жаттығуларың

Балалар мен жасөспірімдер

Сен TikTok пен Instagram-да немісше жазғың келе ме? Сенің қызықты онлайн-ойындар ойнағың келе ме? Немесе немісше  фильмдер көргің келе ме? Онда мынаған қарасаңшы! Біз сендерге арналған қосымшалар мен ойындарды, видеоларды дайындап қойдық және 100-ден аса фильмдерді таңдап алдық. Тағы бір нәрсе: біздің балалар және жасөспірімдерге арналған дигиталды Uni-да біз көптеген қызықты тәжірибелер көрсетеміз.

Екі бала сыбырласып, күліп тұр. © Goethe-Institut, Getty Images © Goethe-Institut, Getty Images

Өмір мен күнделікті тұрмыс

Сен Германияда тұрып, жұмыс істегің келе ме? Мына  жерде сен А1-ден С2-ге дейін  неміс тілінен біліміңді жақсарту үшін  тегін жаттығулар, қосымша қолданбалар мен фильмдерді таба аласың. Бұл жаттығулар сені Германиядағы күнделікті өмірге дайындайды.  Мысалы «Өмір сүру» немесе «Сауда жасау» тақырыбы  бойынша. Сонымен бірге Германияда жұмыс істеп жатқан адамдар сенімен өз тәжірибелерімен бөліседі.

Құлаққап киіп жымиып тұрған әйел © Goethe-Institut, Getty Images © Goethe-Institut, Getty Images

Жұмыс пен мамандық

Сен Германияда тұрып, жұмыс істегің келе ме? Мына  жерде сен жұмыс үшін А1-ден С2-ге дейін  неміс тілінен біліміңді жақсартуға тегін жаттығуларды таба аласың. Бұл жаттығулар сенің Германиядағы күнделікті жұмыс жайлы  жақынырақ білуіңе  көмектеседі. Сен жұмысқа қабылдау үшін болатын сұхбатта нені білуің керек?  Жұмыс уақыты аптасына орта есеппен неше сағат? Осы сұрақтарға жауапты сен Германияда жұмыс істеп жатқан адамдар туралы видеолардан  таба аласың.

Портфель ұстап жымиып тұрған адам © Goethe-Institut, Sonja Tobias © Goethe-Institut, Sonja Tobias

Білім мен білім алу

Сен тегін неміс тілін үйреніп, сонымен қоса викториналық шығарылымға да жаттығудасың ба? Онда мынаған қарашы: Біз әлем және Германия туралы ақпараттардан  жеңіл және қиын сұрақтарды дайындап қойдық. Мысалы: пингвиндер әлемнің қай өңірінде көп шоғырланған? Неміс өнертапқышы Карл Бенц демалыста қандай жұмыс істеген? Бізге не білесің соны көрсет және  өз біліміңді тексер!

Зерттеу барысында жымиып тұрған әйел © Goethe-Institut, Getty Images © Goethe-Institut, Getty Images

Сенің білім деңгейіңе сай жаттығулар

А Бастапқы деңгейде тілді қолдану © Goethe-Institut © Goethe-Institut

В Өз бетімен еркін тілді қолдану © Goethe-Institut © Goethe-Institut

С Білікті деңгейде тілді қолдану © Goethe-Institut © Goethe-Institut

Гёте -Институттағы курстар мен емтихандар

Неміс тілі курстары жергілікті жерде және онлайн

Әрбір тіл деңгейіне және курс түріне, мектепке, білім алуға, мамандыққа және күнделікті тұрмысқа-осының бәрін нағыз мамандар сен үшін өз жеріңде онлайн ұсынады. Саған сәйкес келетін курсты тауып ал!

Неміс тілі курстары © Goethe-Institut, Sonja Tobias © Goethe-Institut, Sonja Tobias

Неміс тілі емтихандары сен үшін

Әрбір деңгей соңында бір емтихан тапсыра аласың. Гёте -Институттың барлық емтихандары халықаралық тұрғыда танылған және бүкіл әлемде бағаланады.

Неміс тілі емтихандары © Goethe-Institut, Sonja Tobias © Goethe-Institut, Sonja Tobias

Біздің желіні бақылап жүріңіз