Әдеби кеш
Әдеби кештер: Фридолин Шлеймен кездесу

Қазақстандағы Гёте-Институт

Достар,

егер неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеп әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда „Әдеби кештер“ атты клубымызға шақырамыз.

2017 ж. 14 қыркүйек күні немістің жас қаламгері Фридолин Шлеймен кездесеміз!

Фридолин Шлей 1976 жылы дүниеге келген. Алғашқы әңгімелерін студент кезінде жариялай бастаған. 
Verloren, mein Vater (2001) атты  романы бірнеше әдеби сыйлықтарға ие болса, одан кейін жарық көрген   Schwimmbadsommer және Wildes schönes Tier атты әңгімелері үшін 2007 жылы Tukan-сыйлығын иеленді. 2013 жылы Die leuchtende Stadt және  Die Achte Welt атты эсселер жинағы шықты. 2015 жылы Fremd атты антологиялық жинағы басылып шықты. Аталмыш жинаққа мюнхендік бір топ авторлардың ксенофобия сияқты жат бағытты сынайтын әңгімелері енген. Соңғы басылып шыққан шығармасы Die Ungesichter деп аталады. Сондай-ақ жас автордың  очерктері мен эсселері газеттер мен түрлі жинақтарда да басылып отырады. Фридолин Шлей Мюнхенде тұрады, әрі өз қаласындағы БАВАРИЯ әдеби порталының редакторы және сондағы ірі баспалардың бірінде  лектор қызметін атқарады.
Кездесу күні автор өзінің мына әңгімелерінен үзінділер оқиды:
Текст 1
Текст 2
Текст 3
Текст 4

Автордың басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан да оқуларыңызға болады.

Onleihe қызметі туралы мағлұмат: https://www.goethe.de/ins/kz/kk/kul/bib/onl.html
 

Нақты

Қазақстандағы Гёте-Институт

Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы

Тіл: Неміс тілінде

+7 727 2797899, 2798234 bibl@almaty.goethe.org

Наурызбай батыра көш.31 (Жібек жолы көш.қиылысы), «Premium», Бизнес Орталығы, 5 қабат