Logo Goethe-Institut

Қазақстан

UNRULY MIRRORS - Сырт келбет пен ұстаным арасы

UNRULY MIRRORS - Сырт келбет пен ұстаным © Goethe-Institut Kasachstan

ЖОБА ТУРАЛЫ

«UNRULY MIRRORS» жобасы Шығыс және Орталық Азиядағы сұлулық салондарын екіұшты кеңістік ретінде қарастырады: бір жағынан — қалыптасқан сұлулық стандарттарын қайта өндіретін орындар, екінші жағынан — жақындық пен жасырын қарсылыққа мүмкіндік беретін кеңістіктер.

Бұл кеңістіктерде қалыптасатын сұлулық тәжірибелері ешқашан бейтарап емес. Олар қоғамдық нормаларды, экономикалық қысымдарды және мәдени нарративтерді көрсетеді әрі отарлық, патриархалдық және таптық құрылымдармен тығыз байланысты. Олар адамның өзін қабылдауына ғана емес, қоғамдағы орны мен өзіндік ықпал сезіміне де әсер етеді.

Алматы, Гонконг, Бейжің, Сеул, Ташкент, Токио мен Ұлан-Батор қалаларындағы Goethe-Institut келесі сұрақтарды қояды: бұл нормаларды көзге көрінетін етіп, оларды транскультуралық және феминистік диалог аясында қарастырсақ не болады? Эстетикалық тәжірибелерді өзін-өзі анықтау формасы ретінде қалай қайта ойлауға болады?

2026 жылдың жазында Open Call арқылы суретшілерді өз еңбектерін немесе жоспарланған жобаларын ұсынуға шақырады. Халықаралық қазылар алқасы жеті ұсынысты таңдайды–әрбір елден біреуін–олар қолдау тауып, 2027 жылы көктемде ортақ көшпелі көрмеде көрсетіледі. 
Әрбір таңдалған жоба жергілікті кураторлардың сүйемелдеуімен жүзеге асады. Олар суретшілер, аудитория және институттар арасындағы байланысты үйлестіреді.

Көрме жергілікті кураторлар әзірлейтін қоғамдық бағдарламамен толықтырылады: пікірталастар, воркшоптар, кино көрсетілімдері, оқулар, перформанстар және балама нарративтерді көрсетуге арналған pop-up сұлулық салондары ұйымдастырылады.

Көрме каталогы Missy Magazine журналымен бірлесіп дайындалады.

Жобаның Германиядағы жалғасы Grand Beauty ұйымымен бірге 2027 жылдың соңында жүзеге асады.

OPEN CALL

Кімді іздейміз
Біз барлық бағыттағы суретшілерді шақырамыз: оларды бар жұмыстарымен немесе жаңа жоба идеяларымен қатысуға өтініш беруге шақырамыз. Бұл жұмыстар қоғамдағы күтулермен феминистік көзқарастар арасындағы шиеленіс аясында дене, сұлулық және сәйкестік тақырыптарын зерттеуі тиіс.

Не ұсынамыз
 — Жеті суретші / жобаны таңдау (әр елден бір ұсыныс)
 — Жобаны жүзеге асыруға қаржылық қолдау
 — 2027 жылғы халықаралық көшпелі көрмеге қатысу мүмкіндігі
 — Қоғамдық бағдарламаға қатысу мүмкіндігі (талқылаулар, воркшоптар, перформанстар)
 — Аймақ суретшілері мен халықаралық деңгейде танысу және тәжірибе алмасу
 — Германияда және Missy Magazine де көрсетіледі.

Өтінімге қажетті материалдар
 — Жоба немесе жоба идеясының қысқаша сипаттамасы(1–2 беттен аспауы тиіс)
 — Жобаны жүзеге асыруға арналған алдын-ала бюджет жоспары
 — Портфолио / жұмыс үлгілері
 — Қысқаша автобиография
 — Байланыс мәліметтері

Іріктеу процесі
Іріктеуді халықаралық қазылар алқасы жүргізеді. Бағалау критерийлері: көркемдік сапа, тақырыптық өзектілік және контекстке сезімталдық.
Сонымен қатар, ұсынылған жұмыстардың тасымалдауға және көрмеге бейімділігі маңызды шарт болып табылады, себебі олар Орталық және Шығыс Азияда,сондай-ақ Германияда көшпелі көрме аясында көрсетіледі.

Мерзімі
 — Open Call: 15.05–15.07.2026
 — Іріктеу: 16.07–31.08.2026
 — Өндіріс кезеңі: 01.09–31.12.2026
 — Көрме және бағдарлама: 2027

Маңызды ақпарат
 — Өтінімдер ағылшын тілінде тапсырылуы тиіс.
 — Бірлескен және процесс-бағдарлы тәсілдер құпталады.
 — Жоба әртүрлілік пен түрлі көзқарастарды қолдайды.
 — Жұмыстар тасымалдауға және икемді монтаж/демонтажға жарамды болуы керек.
 — Перформанстар да ұсынылуы мүмкін, бірақ барлық локацияларға қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.
 — Жоба халықаралық және түрлі медиа форматтарында коммуникацияланады.

Өтінімдерді PDF форматында тек электронды түрде 15.07.2026 дейін мына мекенжайға жіберу қажет: unrulymirrors@goethe.de 

Сұрақтар бойынша unrulymirrors@goethe.de поштасына немесе жергілікті Goethe-Institut өкілдеріне хабарласуға болады.
 

КОМАНДА

Жоба Алматы, Гонконг, Бейжің, Сеул, Ташкент, Токио және Ұлан-Батор қалаларындағы Goethe-Institut бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылады.
 

Кураторлар

СЕРІКТЕСТЕР

MISSY
Missy Magazine — Берлинде шығатын, поп-мәдениет, саясат және феминизм тақырыптарына арналған екі айда бір рет жарық көретін баспа журналы.

GRAND BEAUTY
GRAND BEAUTY — Лейпциг қаласынан шыққан, сұлулық, әртүрлілік және диалог тақырыптарына арналған, бірнеше марапатқа ие болған транскультуралық бастама. Оның аясында миграциялық тәжірибесі бар және ондай тәжірибесі жоқ сұлулық саласының мамандары бірге жұмыс істейді.