TestDaF

TestDaF Foto: Goethe-Institut/Sonja Tobias

Сіздің қалауыңыз ...

  • Германияда білім алу, зерттеу жүргізу немесе жұмыс істеу.
  • Германияның барлық жоғарға оқу орындары мойындайтын емтихан тапсыру.
  • Зерттеу орындары мен жұмыс берушілер алдында неміс тілін жетік білетіндігіңізді дәлелдеу.

TestDaF - жоғары деңгейдегі тіл емтиханы. Ол Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) В2-С1 деңгейлерін қамтиды.

Егер Сіз TestDaF –емтиханының барлық 4 бөлімін TestDaF-тың 4-деңгейі сатысында тапсырсаңыз, Германияның барлық жоғарғы оқу орындарының кез-келген факультетіне тіл емтиханынсыз түсе аласыз.

TestDaF емтиханының сертификаты ғылыми жобалар мен жоғары оқу орындарында қызмет ету үшін неміс тілін жетік білетіндігіңіздің дәлелі ретінде әлем бойынша жарамды.

Кәсіби білім бұл емтихан үшін керек емес.

Әлем елдеріндегі өкілеттіктер

Сіз TestDaF емтиханын лицензиясы бар 450-ге жуық тест орталықтарында тапсыра аласыз. Мына жерден Германиядағы және әлемдегі тест орталықтарының тізімін таба аласыз:

Даярлық

Жаттығу материалдары

TestDaF емтиханына дайындалуда сізге екі TestDaF- үлгі жинақтары көмек көрсетеді.

Толық ақпарат

TestDaF-қа алдын ала қойылатын талаптар, емтихан мазмұны мен қосымша ақпаратты мына жерден табасыз: