Logo Goethe-Institut

Қазақстан

Қажет заттар кітапханасы

Қажет заттар кітапханасы

Қажет әрі пайдалы заттар кітапханасы. Біздің кітапханада кітаптардан, CD-дискілер мен фильмдерден басқа да түрлі заттарды абонементке алуға болады. Бұл ұсыныс күнделікті өмірде кейбір заттарды жиі қолданбайтын оқырмандар үшін қызық болар. Біз көбінесе сирек пайдаланатын қымбат заттарды сатып аламыз. ҚАЖЕТ ЗАТТАР КІТАПХАНАСЫ – бұл заттарды қолданудың жаңашыл, ыңғайлы, үнемді және экологиялық таза тәсілі.

  • Гитара

    Гитара үні музыка әлеміне жетелейді!  Жаңадан үйреніп жүрген, немесе тәжірибелі музыканттар үшін, ұмытылмас әуенді сәттер үшін. Жіңішке ішектер әуеніне құлақ түр – жаңа гитара алғашқы аккордтарға дайын!
     

  • Кофе үккіш

    Кофе үккіш — кофені жаңадан ұнтақтап қайнатып ішетіндер үшін керек дүние! Кофе дәнін тез әрі біркелкі ұнтақтайды, ықшамды дизайн, пайдалануға оңай.
     

  • Құрал-сайман жиынтығы

    76 бөлшектен тұратын «Вихрь» құрал-сайман жиынтығы — кәсіпқой және әуесқой шеберлер үшін тамаша таңдау! Барлық қажетті құрал бір жинақта: бұрағыштар, кілттер, қысқыштар және тағы басқалары.
     

  • Қол фонары

    Ықшам қол фонары қараңғы уақытта таптырмас көмекші! Жарық жанады, ұзақ уақытқа жарамды және пайдалануға ыңғайлы болғандықтан жорықта, жұмыста немесе төтенше жағдайлар кезінде қолдануға болады.
     

  • Раклет-гриль

    Отбасы мен достарға арнап тез, оңай және дәмді барбекю дайындау керек пе? Ендеше біздің раклет-гриль ас үйдегі таптырмас көмекші!
     

  • Теннис торы

    Теннис торын кез келген үстелге орната салып, нағыз теннис кортына айналдырып, достармен қызықты матч өткізуге де болады! Оңай орнатылады, берік әрі мықты.
     

  • Микрофон

    Жаңа динамик-микрофонның таза әрі анық дыбысын сезін! Әр кешке, іс-шараға және караокеге арналған тамаша зат.
     

  • Термос

    Ыңғайлы жол термосы сусынның температурасын әрдайым мінсіз сақтайды – ыстық немесе суық болсын! Жолда, көлікте немесе серуенде, яғни кез келген сапарда сенімді серік болмақ.
     

  • Блендер

    Bosch CleverMixx блендерімен дәмді смузи, сорпа және тұздықтарды тез және оңай дайындауға болады.  Ыңғайлы венчик қондырмасы мінсіз араластырады – күнделікті ас үйдегі шаруа үшін тамаша құрал!
     

  • Таразы

    Салмақ өлшегіш таразыны күнделікті пайдаланып, ағзадағы заттар құрамы мен денсаулық жайлы деректерді бақылауға болады! Май пайызын, бұлшықет массасын және су деңгейін өлшеп, прогресті бақылап, физикалық формаға да көңіл бөліп отыру үшін пайдалы құрал.
     

  • Штатив

    Телефон штативін пайдалану ыңғайлы әрі қауіпсіз!  Ол смартфоныңызды мықты бекітеді, навигация кезінде, кеңседе немесе көлік жүргізу кезінде қоңырауларға жауап беру мүмкіндігін ыңғайлы етпек.
     

  • Шатыр

    Біздегі мықты әрі кең туристік палатка кез-келген шытырман оқиғаға дайын! Жеңіл, ыңғайлы, кең, жорық пен саяхат кезінде пайдалануға жайлы, кез-келген ауа- райынан қорғауға дайын.
     

  • Тігін машинасы

    Әркімнің шығармашылық әлеуетін ашатын тігін машинасы – жылдам, ыңғайлы, мінсіз тігіс. Біздің машинамен тігу оңай әрі жайлы!
     

  • Рюкзак

    Біздің рюкзакқа барлық зат сыяды! Ыңғайлы, кең және шағын. Кітапхананы пайдалану енді одан да жайлы – қажет кезде кітаптар мен басқа заттар салып алып жүру үшін тамаша рюкзак!
     

  • Вафли пісіретін құрал

    Жылдам дәмді вафли пісіру керек пе? Біздің вафли пісіретін құралды пайдаланғанда дәмді, алтындай сап-сары вафли пісіп шығады!
     

  • Йога кілемшесі

    Бізде йога мен фитнеске арналған кілемше де бар! Кез-келген жаттығу кезінде пайдалануға жарайды, мықты, тайғанамайды, әрі ыңғайлы. Йога кілемшесінің үстінде жаттығу өте жайлы!
     

  • Құлаққап

    Біздің құлаққаптарды жалға алып таза да анық дыбысты тыңдауға болады! Әрдайым, кез- келген жерде музыка, подкаст тыңдауға және қоңырау қабылдау үшін тамаша құрал. Ыңғайлы және қуатты құлаққап.
     

  • Миксер

    Біздегі миксермен ас үй мәзірін өзгертіңіз! Жылдам, тиімді және оңай – мінсіз қамыр илеуге, шырын сығуға болады. Миксермен кез-келген рецепт тез дайындалады – кремді смузи жасауға және үлпілдек бәліштер пісіруге қажет құрал!
     

Ол не?

Қажет әрі пайдалы заттар кітапханасы

Біздің кітапханадан кітап пен фильмдерден басқа түрлі заттарды да абонементке ала аласыз.
Күнделікті тұрмыста біз кейбір құралдарды жиі қолдана бермейміз. Сондықтан оларды арнайы сатып алмай-ақ, артық шығынсыз, тек қажет кезінде ғана пайдалануға болады.
Егер сіз күнде тігін тікпесеңіз, тәтті бәлішті де сирек пісірсеңіз, немесе тек айтулы күндері ғана достарыңызбен табиғат аясында кездесіп, көңіл көтергіңіз келсе, біздегі ҚАЖЕТ ЗАТТАР КІТАПХАНАСЫН пайдаланыңыз. Бұл жаңа, ыңғайлы және экологиялық
маңызы зор ұсыныс.
 

Заттарды абонементке қалай алуға болады?

  1. Қажет затты сөреден алып, ресепшн/кітапхана қызметкерінен сұраңыз.
  2. Өз оқырман билетіңізді көрсетіңіз.
  3. Заттар үш күнге дейін абонементке/қолға беріледі. Үшкүндік мерзім өткен соң затты кітапханаға қайта өткізу керек.

Алдын-ала тапсырыс

Кез-келген затқа алдын- ала тапсырыс беру үшін мына электронды поштаға хабарласуға болады: Bibliothek-almaty@goethe.de.

Біздің желіні бақылап жүріңіз