Неміс тілі емтиханадры
Мынадай аса маңызды жағдайларды ескерулеріңізді өтінеміз:
Ең үлкен жаңалық: Біз қайтадан емтихан өткізетін болдық! Емтиханға жазылу үшін формуляр мен қазіргі жағдайдағы барлық қажетті ақпаратты және емтихан өткізу мерзімдері мен ережелері туралы мына жерден таба аласыз.Сіздердің денсаулығыңыз біз үшін аса маңызды. Қазақстандағы Гёте-Институт Covid-19 жұқтырмау үшін қажетті барлық іс-шараны қарастыруда.
Біздің емтихандар қазіргі кезде міндеттелген ара қашықтықты үнемі сақтау үшін шағын ғана топтарда өткізілетін болады. Біз қай күнгі емтиханға кім жазылатынын тіл бөлімінде шешетін боламыз, оған түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.
Біздің бөлім мүшелері барлық қорғану шараларын сақтайды, яғни үнемі қолды сабындап жуу, бетперде тағу және ара қашықтықты сақтау. Әрбір емтиханнан кейін бөлмелерді тазалау және дезинфекциялау жұмысы жүргізіледі. Сіздер үшін де дезинфекциялық заттар дайындалады.
Емтиханға көк сиялы қалам алып келіңіз және Қазақстандағы Гёте-Институтта бетперде кию міндет екенін ескертеміз.
Барлық емтихандар ары қарай да тек сақтық шаралары сақталған жағдайда ғана өтетінін ескертеміз. Үкімет Өкіміне сәйкес және ауруды жұқтырғандар саны артқан жағдайда емтихандар шұғыл арада алынып тасталады.