Logo Goethe-Institut

Қазақстан

Сандық кітапхана Onleihe

Onleihe – Goethe-Institut-тың тегін цифрлық кітапханасы. Бұл платформа арқылы неміс тілінде 20 000-ға жуық электрондық кітапты, аудиокітапты, неміс тілін үйренуге арналған материалдарды, журналдар мен газеттерді онлайн оқып, пайдалана аласыз.

Titelbild - Onleihe: Die digitale Bibliothek Illustration: Maria Tran Larsen © Goethe-Institut

Кез келген жерде, кез келген уақытта, тегін

  • Тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы цифрлық ресурстарды пайдалана аласыз
  • Компьютер мен ноутбукта немесе Onleihe мобильді қосымшасы (Android және iOS) арқылы қолдануға болады
  • Кітапханаға тіркелу талап етілмейді

Абонометке алу өте оңай

Onleihe қосымшасы

Logo Onleihe

Неміс тіліндегі электрондық кітаптарды, газеттерді оқығыңыз, аудиокітаптар тыңдағыңыз немесе неміс тілін үйренуге арналған материалдарды тапқыңыз келе ме? Онда Onleihe қосымшасын смартфоныңызға және/немесе планшетіңізге орнатыңыз.

Неміс тіліндегі электрондық кітаптарды, газеттерді оқығыңыз, аудиокітаптар тыңдағыңыз немесе неміс тілін үйренуге арналған материалдарды тапқыңыз келе ме? Онда Onleihe қосымшасын смартфоныңызға және/немесе планшетіңізге орнатыңыз.

Onleihe жайлы тағы сұрақ бар ма?

Onleihe анықтама бөлімінен қызметке қатысты соңғы жаңалықтарды, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды және жиі қойылатын сұрақтарға (FAQ) жауаптарды таба аласыз.

Байланыс

Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханасы

Наурызбай батыр көшесі, 31
050000 Алматы
Қазақстан

Тел.: +7 727 3567904
bibliothek-almaty@goethe.de

ONLEIHE-сандық кітапхана

  • ONLEIHE-де неміс тіліндегі газеттер мен журналдар

    Қазақстандағы Goethe-Institut-ының ONLEIHE кітапханасы неміс тіліндегі Deutsch Perfekt, Die Welt және Der Spiegel сияқты танымал газет-журналдарын онлайн ұсынады. Соңғы ақпараттан хабардар, әрі неміс тілін жетілдіру үшін оны әрдайым және кез-келген жерде оқи аласыз. Кітапхана қорындағы неміс баспасөзі- сіздің жеке құрылғыңызда.

    Zeitungen © Goethe-Institut Kasachstan © Goethe-Institut Kasachstan

  • ONLEIHE-де неміс фильмдері

    Қазақстандағы Goethe-Institut-ының Onleihe кітапханасының видеоматериалдарын тамашалауға шақырамыз! Мұнда неміс көркем фильмдері мен тіл үйренушілерге арналған бейне-материалдар бар. Каталогтағы тарихи фильмдер, мультфильмдер мен деректі фильмдер тіл үйрену жолындағы қызықты әрі тегін қор.

    Video-Ressourcen der Onleihe © Goethe-Institut Kasachstan © Goethe-Institut Kasachstan

  • ONLEIHE-де DaF-және оқу құралдары

    Біздің Onleihe кітап қорында неміс тілін үйренуге арналған көптеген ресурстар бар. Осы тегін ұсыныстарды пайдаланып, тілдік дағдыларыңызды жаттықтырыңыз. Әр тіл деңгейіне арналғані оқу құралдарымен танысып, оларды тиімді пайдаланып, неміс тілін кеңінен меңгеріңіз!

    Lehrmaterialien © Goethe-Institut Kasachstan © Goethe-Institut Kasachstan

  • ONLEIHE-де аудио-кітаптар

    Неміс тіліндегі аудиокітаптар әлемін Қазақстандағы Goethe-Institut-ының ONLEIHE платформасын табасыздар! Мұнда классика, триллерлер, роман немесе басқа да жанрдағы қызықты әңгімелерді тыңдауға болады. Шытырман оқиғаға толы, әсерлі шығармалар сізді баурап алары сөзсіз. Неміс тілінің сиқырын сезініңіз!

    Hörbücher in der ONLEIHE © Goethe-Institut Kasachstan © Goethe-Institut Kasachstan

  • ONLEIHE-де неміс көркем әдебиеті

    Қазақстандағы Goethe-Institut-ының ONLEIHE платформасында сіз неміс әдебиетінің қызықты әлеміне тап боласыз. Уақытқа тәуелсіз классикалық және заманауи бестселлерлерді оңай жүктеп алып немесе онлайн оқып, неміс тілі мен мәдениеті жайлы танымыңызды кеңейтіңіз.

    Deutschsprachige Literatur in der ONLEIHE © Goethe-Institut Kasachstan © Goethe-Institut Kasachstan

  • ONLEIHE-де балалар әдебиеті

    Қазақстандағы Goethe-Institut-ының ONLEIHE платформасындағы балалар әдебиетінің ғажайып әлемін ашыңыз! Біздің цифрлық кітапханамыз таңдаулы деген балалар әдебиетін ұсынады. Осы керемет коллекцияны зерттеп, балаларыңызбен бірге жаңадан сүйікті кітаптар табыңыз!