Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1

Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 Фото: istockphoto

Сіздің қалауыңыз ...

  • Германияда Au-Pair бағдарламасына қатысу
  • Жанұяңызға қосылу  мақсатымен виза алу үшін белгілі тіл деңгейіңізді дәлелдеу
  • А1 деңгейінде тіл меңгерудегі жетістігіңізді дәлелдеу
  • ресми және халықаралық болып табылатын сертификат алу

Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1 ересектерге арналған неміс тілі емтиханы. Алты сатылы Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) бірінші біліктілік сатысына (A1) сай келетін бұл емтихан нәтижесі неміс тілі деңгейінің қарапайым түрде түсінісе алатын дәрежеде екенін көрсетеді.

Емтиханды тапсыру арқылы, сіз ...

  • әңгімеге қатысушылар асықпай, әрі анық сөйлесе, олармен еркін түсінісе аласыз.
  • күнделікті өмірде қарапайым сөздер мен  сөз тіркестерін пайдалана аласыз (мысалы, жеке басыңызға және жанұяңызға қатысты, сауда жасағанда, жұмысыңызға қатысты немесе тығыз араласатын ортаңызда )
  • өзіңізді және басқаларды таныстыра аласыз, жеке сұрақтар қоя аласыз, мысалы, олардың тұрған мекені, таныстары немесе олардың иелігіндегі заттар туралы сұрай аласыз, әрі осындай сұрақтарға жауап бере аласыз.

You have disabled JavaScript in your browser settings. Please enable JavaScript to see the courses again.

*) 12% ҚҚС есептелген

**) Егер сіз Goethe-Institut-те неміс тілі курсын ең көбі алты ай бұрын оқыған болсаңыз, онда көрсетілген төмен баға қолданылады. Тіл оқыту курсын аяқтау және неміс тілі бойынша емтихан күні арасындағы кезең алты ай болуы тиіс. Осындай жағдайда баға тапсырыс беру барысында автоматты түрде өзгеріледі. Егер олай болмаса, онда сіздің тіл оқыту курстары кеңсесіне жүгініңіз.

Даярлық

Жаттығу материалдары

Бұл жерден Online-жаттығуға арналған үлгі және жаттығу жинақтарын табасыз, кедергісіз және интерактивті түрде де.

Толық ақпарат

Goethe-Zertifikat A1: Start Deutsch 1-қа қатысты алдын ала қойылатын талаптарды, емтихан мазмұнын және толық ақпаратты осы жерден табасыз: