Сандық кітапхана картасы
BibToGo
Үнемі, кез-келген уақытта біздің кітапхана қызметін пайдаланғыңыз келе ме? Ендеше BibToGo оқырман билетімен бәрі мүмкін! BibToGo Гёте-Институт кітапханасының арнайы қосымшасы, онымен кез-келген уақытта біздегі мультимедиа жинағын пайдаланып, қызметтерімізден хабардар болып отыратын сіздің жеке аккаунтыңыз.
Мобильді құралыңызға BibToGo қосымшасын жүктеп алыңыз да, біздегі барлық ұсыныстарды пайдаланыңыз!
Мобильді құралыңызға BibToGo қосымшасын жүктеп алыңыз да, біздегі барлық ұсыныстарды пайдаланыңыз!
BibToGo-ның функциясы қандай?
Электрондық/сандық оқырман билеті
Сіз BibToGo-ға біріктірілген электрондық оқырман билетін аласыз. Осы билет арқылы интернетке қосылмасаңыз да біздің кітапханадан материалдарды абонементке ала аласыз.Жеке аккаунт
BibToGo-мен өзіңіздің жеке парақшаңызға кіріп, абонементке қандай материал алғаныңызды тексеріп, олардың пайдалану мерзімін ұзартып, немесе брондаған тапсырысыңызды тексере аласыз.ҰСЫНЫСТАР
Бізде қандай материалдар бар екенін білгіңіз келе ме? BibToGo-ның көмегімен кітапхана каталогынан қажет кітапты іздеу өте ыңғайлы. Ұсынылатын медиа тізімдері арқылы таңдау жасау да оңай болады.ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА
BibToGo қосымшасы неміс тілінде 35 000-нан астам электронды кітаптар, аудиокітаптар, фильмдер, журналдар, газеттер мен оқу материалдарын тегін ұсынады, жарнамасыз, кез келген уақытта, кез келген жерде!QR-Code Viewer
Біздің коллекциялардан қалай жақсы пайда табуға болатыны туралы қосымша ақпаратты іздеп жүрсіз бе? Біріктірілген QR кодын оқу құралы кітапханада болғанда ақпараттық қондырмаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.КІТАПХАНАШЫДАН СҰРАҢЫЗ
Сұрақ туындаған кезде немесе көмек қажет болғанда BibToGo арқылы біздің қызметкерлерге хабарласыңыз.BibToGo-ны қалай орнатуға болады?
- BibToGo қосымшасын PlayStore немесе App Store-дан құрылғыңызға жүктеп алыңыз.
- Mein Goethe.de аккаунтыңызға кіріңіз.
- Біздің қызметкердің жанында тұрып, қосымшаны іске қосыңыз.