Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1

Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 Фото: Getty Images/Echo

Сенің қалауың ...

  • 10-16 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған емтихандарды тапсыру
  • бастапқы неміс тілі білімін дәлелдеу
  • А1 деңгейінде жеткен жетістігіңді дәлелдеу
  • ресми және халықаралық болып табылатын сертификат алу

Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1 10-16 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған емтихан.Алты сатылы Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының бірінші біліктілік сатысына (A1) сай келетін бұл емтихан нәтижесі неміс тілі деңгейінің қарапайым түрде түсінісе алатын дәрежеде екенін көрсетеді.

Емтиханды ойдағыдай тапсырсаң, онда сен ...

  • жеңіл сұрақтарды қоя аласың және жауап бере аласың
  • өзің және басқалар жайлы қарапайым сөздер мен сөйлемдерді пайдаланып, жазбаша ақпарат дайындай аласың
  • өзіңе таныс тақырыптағы мәтіндер мен әңгімелерді түсіне аласың

You have disabled JavaScript in your browser settings. Please enable JavaScript to see the courses again.

*) 12% ҚҚС есептелген

**) Егер сіз Goethe-Institut-те неміс тілі курсын ең көбі алты ай бұрын оқыған болсаңыз, онда көрсетілген төмен баға қолданылады. Тіл оқыту курсын аяқтау және неміс тілі бойынша емтихан күні арасындағы кезең алты ай болуы тиіс. Осындай жағдайда баға тапсырыс беру барысында автоматты түрде өзгеріледі. Егер олай болмаса, онда сіздің тіл оқыту курстары кеңсесіне жүгініңіз.

Даярлық

Жаттығу материалдары

Бұл жерден Online-жаттығуға арналған үлгі және жаттығу жинақтарын табасың, интерактивті түрде де.

Толық ақпарат

Goethe-Zertifikat A1: Fit in Deutsch 1-қа алдын ала қойылатын талаптарды, емтихан мазмұнын және ақпаратты осы жерден табасың: