Goethe-Test PRO: Deutsch für den Beruf

Goethe-Test PRO Deutsch für den Beruf Фото: Colourbox

Сіздің қалауыңыз ...

  • жеке басыңыздың дамуы үшін: өзіңіздің тілді меңгеру деңгейіңізді шынайы бағалау/ біліктілікті арттыруға себеп және лайықты курсты табу/ неміс тілді клиенттермен жұмыс істеу
  • Кәсіпкер ретінде: жұмысқа тұрғысы келетіндер мен қызметкерлердің тілді игеру деңгейін тексеру/ біліктілікті жетілдіру нәтижесін бағалау/ біліктілікті жетілдіру шаралары үшін жарамды база

Goethe-Test PRO – 60 минутта бәрі белгілі!

Жеке кәсіптік мансап болсын не жалпы кәсіпорынның бәсекелестіккке қабілеттілігі болсын: Жетістік өзінен өзі келмейді. Жетістік сенімнің арқасында келеді. Ал сенім, адамдар бір тілде сөйлегенде, пайда болады. Сонымен, сұрақ мынадай: Неміс тілін қандай дәрежеде білесіз? Сіздің қазіргі не болашақ жұмыскерлеріңіз тілді қаншалықты меңгерген?

Goethe-Test PRO: Кәсіби неміс тілі оған жауап береді. Біздің компьютермен жүргізілетін тестіміз тыңдау және оқу дағдысының деңгейін, адамды жұмыс орнынан алшақтатпай-ақ, жылдам және сенімді түрде анықтап бере алады.

Жеке және сенімді

Goethe-Test PRO жаңа технологияның көмегімен 60 - 90 минут аралығында адамның тілді меңгеру деңгейін, жайын анықтап береді. Барлық қатысушылар бір деңгейден бастауы керек. Тест барысында бағдарлама әр тапсырманы алдыңғы берліген жауапқа қарай таңдайды да, сөйтіп, оптималды түрде тиісті тіл деңгейіне ыңғайлана қояды. Тапсыра алмау деген болмайды: тест аяқтала салысымен, оның нәтижесі, берілетін куәлік және тіл деңгейінің дәл сипаттамасы, қажет болса, тіпті әрі қарай шешім қабылдауға негіз де, мысалы, біліктілікті дамыту шаралары туралы, дайын болады.

Goethe-Test PRO қолдануға қолайлы: бүкіл дүние жүзінде не тікелей өз кәсіпорыныңызда. Тест белгілі Business Language Testing Service (BULATS) әдістерін қолданады және Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартына (GER) негізделген.

You have disabled JavaScript in your browser settings. Please enable JavaScript to see the courses again.

*) 12% ҚҚС есептелген

**) Егер сіз Goethe-Institut-те неміс тілі курсын ең көбі алты ай бұрын оқыған болсаңыз, онда көрсетілген төмен баға қолданылады. Тіл оқыту курсын аяқтау және неміс тілі бойынша емтихан күні арасындағы кезең алты ай болуы тиіс. Осындай жағдайда баға тапсырыс беру барысында автоматты түрде өзгеріледі. Егер олай болмаса, онда сіздің тіл оқыту курстары кеңсесіне жүгініңіз.

Бізге әкелер жол

Сізге өзіңіздің не қызметкеріңіздің тілді меңгеру дәрежесі жайлы күмәнді болжалдың орнына айқын анықтама керек пе? Онда бізбен хабарласыңыз! Біз сізге ештеңеге міндеттемейтін ұсыныс жасаймыз және тестке дайындық және оны өткізу кезінде қолдау көрсетеміз.

Фирмалар үшін лайықты біліктілікті жетілдіру шаралары мен тіл курстарын жоспарлауға кеңес береміз.

Demo-нұсқа

Тегін пайдаланып, әсерін көріңіз:

Байланыс

Толық ақпарат және ұсыныстар үшін:
pro@goethe.de