Сапа стандарттары

Сапа стандарттары Foto: Goethe-Institut/ Sonja Tobias

Сапа. Біз мән беріп қарайтын сөз

Шет тілі емтихандарына қойылатын кәсіби талаптар жоғары. Гёте-Институт өзінің атауымен, сапа менеджментімен және көпжылдық тәжірибесімен ол талаптардың орындалуына кепіл болады.

Емтихан алу мен оқытуда тәжірибесі мол мамандар тест тапсырмаларын даярлайды. Соңғы редакциялау Мюнхендегі Орталықта жүзеге асады. Пайдалануға бермес бұрын, емтихан материалдары емтихан талаптарына сәйкес жағдайда қолданыста болып, нәтижесі сапалық және сандық тұрғыдан бағаланады. Емтихан қабылдаушылар орталық және жекелеген семинарларда дайындалып, біліктіліктерін жетілдіреді.

Сапаның жақсы екенін қайдан білуге болады:

Әділдік

Емтихан әр тапсырушы үшін мүмкіндігінше, оның жынысына, этникалық шыққан тегіне, оның құқығының төмендетілгеніне қарамастан, әділ болуы тиіс.

Жарамдылық

Тіл емтиханында адамның зейін қоюға қабілеттілігі, ақылы не дүниетанымы емес, тек тілге қабілеттілігі шешуші роль атқарады.

Сенімділік

Емтиханды бағалауға екі емтихан алушыны қатыстыру арқылы біз жоғары дәрежедегі сенімділікке қол жеткіземіз.

Мақсатқа сай болу

Емтихандарымызды үнемі жетілдіріп, оңтайландырып отырамыз: тесттің ұзақтығын, заманауи техниканы енгізуді және қойылатын жалпы талаптарды.

Бірыңғай сапа белгілері:

Біз Association of Language Testers in Europe (ALTE) құрылтайшысы ретінде сапа стандарттарын жетілдіріп, қолданысқа енгізу үшін әрекет етеміз.
 
ALTE -нің алдына қойған мақсаттары:
  • Еуропадағы тіл сертификаттарының халықаралық дәрежеде танылуына мүмкіндік жасау үшін, деңгей сатыларын бір жүйеге келтіру.
  • Емтиханды әзірлеудің және өткізудің барлық кезеңдері, яғни, тест құрылымы, емтиханның өтуі, бағалау, сертификаттау, талдау және дерек сақтау үшін сапа белгілерін бір жүйеге келтіру.
  • Ортақ жобалардағы ынтымақтастық, сонымен қатар, тәжірибе және кәсіби білім алмасу.
2003 жылы ALTE мемлекеттік емес ұйым (МЕҰ) ретінде Еуропа Кеңесіне қабылданды және оған үнемі қуат өлшеу және сертификаттау сияқты тақырыптар бойынша кеңес беріп отырды. Оның үстіне 2006 жылы ALTE БҰҰ жанындағы кеңесші ұйым статусына ие болды.