Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat B1

Сіздің кезегіңіз: Модульдер

Goethe-Zertifikat B1 -тың модульдері: Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша жұптық емтихан).
Емтихан әлем бойынша бірдей жүргізіліп, бағаланады.
 
Төрт модульді жеке-жеке не біріктіріп тапсыруға болады. Төрт модуль туралы жеке куәліктер бір жалпы куәлікке сәйкес келеді.

Бұл емтиханды Гёте-Институт, Фрайбург Университеті/Швейцария және ÖSD бірге әзірлеген және ол дүние жүзі бойынша Goethe-Zertifikat B1 немесе ÖSD-Zertifikat B1 деген атаумен ұсынылады.
 

Оқу

Блог хабарламаларын, газет мақалаларын, E-Mail, хабарландырулар мен жазбаша ескертулерді оқисыз. Негізгі ақпараттарды, жекелеген маңызды нәрселерді, сол сияқты, көзқарастар мен пікірлерді түсіне аласыз.

Ұзақтығы: 65 минут

Жазу

Жеке және ресми E-Mail, хат жазасыз, бір форумда жасайтын хабарламаңызда жазбаша өз ойыңызды білдіресіз.

Ұзақтығы: 60 минут

Тыңдау

Дауыс зорайтқыш арқылы айтылғандарды, радио арқылы берілген қысқаша баяндама, бейресми сұхбаттарды және пікірталастарды тыңдайсыз. Айтылған басты ой мен маңызды нәрселерді түсіне аласыз.

Ұзақтығы: 40 минут

Сөйлеу

Сұхбаттасыңызбен күнделікті бір тақырыпқа сөйлесесіз, мысалы, саяхат туралы. Сұақтарға жауап беріп, өз ойыңызды айтып, ұсыныстар жасайсыз. Өз қалауыңызға сәйкес күнделікті өмірден алынған бір тақырып бойынша таныстыру жасап, сұрақтарға жауап бересіз.

Ұзақтығы: шамамен 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat B1 емтиханы жасөспірімдер мен ересектерге арналған неміс тілі емтиханы.

Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Жасөспірімдерге арналған Goethe-Zertifikat B1 емтиханын 12 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Ересектерге арналған Goethe-Zertifikat B1 емтиханын 16 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat В1 үшін Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) үшінші біліктілік сатысына сәйкес тіл деңгейі (В1) алғышарт болып саналады.
  • Бұл деңгейге жету үшін, бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 350-ден 650-ге дейін академиялық сағат оқу қажет.