Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat B2

Біртіндеп-біртіндеп: Модульдер

Goethe-Zertifikat B2 Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша жұптық емтихан) модульдерінен тұрады. Кей емтихан орталықтарында емтихан сандық жүйеде және қағаз жүзінде ұсынылады.
Емтихан әлем бойынша бір стандартпен жүргізіліп, бағаланады.
 

Оқу

Форумда жазылған пікір, газет-журнал мақалалары, түсіндірме, ережелер сияқты түрлі мәтіндерді оқисыз. Ең басты ақпаратты, маңызды деректерді, пікірлерді және ережелерді түсіне аласыз.

Ұзақтығы: 65 минут

Жазу

Форумда өзекті бір қоғамдық тақырыпқа өз ойыңызды білдіріп, дәлелдеп жазасыз. Оған қоса, қызметке байланысты бір ресми хабар жазасыз.

Ұзақтығы: 75 минут

Тыңдау

Күнделікті өмірден алынған не радио арқылы берілген сұхбат, баяндама, адамдар арасындағы әңгіме, пікірлерді тыңдайсыз. Негізгі пікірлерді және маңызды деректерді түсінесіз.

Ұзақтығы: шамамен 40 минут

Сөйлеу

Берілген бір тақырыпқа қысқаша баяндама жасайсыз, сосын сол туралы сұхбаттасыңызбен сөйлесесіз. Оған қоса, өз дәлеліңізді келтіре отырып, бір пікірталасқа қатысасыз.

Ұзақтығы: 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat B2 жасөспірімдер мен ересектерге арналған емтихан.

Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Жасөспірімдерге арналған Goethe-Zertifikat B2 – ды 15 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Ересектерге арналған Goethe-Zertifikat B2 –ды 16-дан асқанда тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat B2 үшін Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) В2 деңгейі алғышарт болып табылады.
  • Бұл деңгейге жету үшін, бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 600-ден 800-ге дейін академиялық сағат оқу қажет.