Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Getvico24

GETVICO24-бұл неміс тілі мұғалімдеріне арналған  виртуалды конференция, ол 24 сағат ішінде барлық сағат белдеулерін айналып шығады.

Сіздер біздің бұл конференциямызды сағынған боларсыздар? Бұл 2024 жылы біз сіздермен маусым айының  6 – 7 күндері бастайтын боламыз. Дайынсыздар ма?  Толығырақ ақпаратты мына парақшадан таба аласыздар.

Ақпарат

 

GETVICO24

Гёте-Институт неміс тілі мұғалімдеріне арналған GETVICO24 онлайн-конференция билығы жылы  жаңа кезеңге жол тартуда.  Биылғы 2024 жылы  06./07 маусым күндері біздің халықаралық конференцияда баяндамашы және/ немесе  қатысушы ретінде өз үлесіңізді қосу үшін кәсіби тақырыпқа пікір алмасу және дүние жүзіндегі қолдаушылармен  бірге  тұрақты дамудың желілік  әрекетіне шақырамыз!
 

Getvico24  


Бұл жылғы конференция ұраны "Неміс тілі қозғалыста". Неміс тілін шет тілі ретінде үйретудің дамуы қалай болып жатыр? Неміс тілін оқу мен оқытуда қай методика тәжірибесі қазіргі таңда қолданыста және болашақта қалай болады? Өз оқушыларыңыз мен студентерге неміс тілін үйренуге қалай жол ашуға болады және осы арқылы өзіңнің жеке жолыңды да ашуға болар? Бұл пәнге байланысты қызықты да өзекті мәселелер өте көп және әр алуан, сондықтан аса мұқият қарастыруды талап етеді. Біз сіздерді бізбен бірге қосылып өз ойларыңызбен бөлісуге шақырамыз!

Конференция өткізу  үшін Zoom Events бағдарламасы қолданылады. Сондықтан өз компьютеріңізде  Zoom  қолдана алатыныңызды, веб-камера мен микрофонның бар болуын (микрофонды құлаққаптар жөн болады), сол сияқты интернет дамылсыз  қосылып тұратынын тексеріп алыңыз.

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап төмендегі сілтемені пайдаланып конференция қатысушысы ретінде тіркелуге болады.

Біз сіздерді GETVICO24-ға (қайта)  баяндамашы және/ немесе  қатысушы ретінде көретінімізге қуанамыз және пайдалы да нәтижелі пікір алмасу болады деп сенеміз.
 
 

@ Goethe-Institut


Байланыс


Егер сұрақтарыңыз бола, онда getvico24@goethe.de немесе өз еліңіздегі осы хабарды таратқан Гёте-Институтқа хабарласыңыз.