Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)
Singleton Neu© Goethe-Institut

«НЕМІС ТІЛІ СУПЕР КҮШ» ЧЕМПИОНАТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті неміс тілі мұғалімдері!

Алдағы бес апта бойы – 24.10 – 27.11.2022 аралығында сіздер өз оқушыларыңызға неміс тілін үйренуде «Неміс тілі супер күш» қосымшасы арқылы көмек көрсете аласыздар! Бұл қосымшада сіздердің оқушыларыңызға арнап көңілді әрі қызықты шағын тапсырмалар дайындалған. Оқушылар бес супер қабілеттері бойынша (Талғам, Ашылым, Музыка, Техника және Креативтілік)  командада жарысып, ойланып, ойнап және жаңаша үйрене алатын болады.


Қатысу үшін

Өз оқушыларыңызға смартфондарына «Неміс тілі супер күш» қосымшасын орнатуын сұраңыз;

iPhone үшін
Android үшін

Біз сіздерге электронды почта арқылы кіру үшін  бес код жібереміз. Бір код жетекші мұғалім үшін, яғни сіздер үшін арналған. Оның көмегімен оқушылардың Timline мен командадағы  белсенділігін  көріп отыра аласыз.

Қалған төрт код командаларға арналған. Сіз осы кодты сыныптағы оқушылардың арасында  бөліп, саны жағынан бірдей төрт команда құрай аласыз. Біз командада қатысушылар саны 5 тен 20-ға дейін  болуы керек екенін ескертеміз.

Өз оқушыларыңызға –команда мүшелеріне қосымша іске қосылғаннан кейін  енгізуге қажет кодты айтып беріңіз. Қосымшаға кіргенде жеке бас туралы мәліметтер қажет емес. Барлық оқушылар мен мұғалім қосымшаға тіркелгенен кейін бастауға болады.


Чемпионат барысы

Алдағы бес апта бойы оқушылар командада неғұрлым көп тапсырма орындауы керек, сонда олар сонша көп ұпай жинай алады, олар Sings деп аталады;
24.10-28.10 – чемпионаттың бірінші аптасы 
31.10-04.11 – чемпионаттың екінші аптасы 
07.11-11.11 – чемпионаттың үшінші аптасы 
14.11-18.11 – чемпионаттың төртінші аптасы
21.11-25.11 – чемпионаттың бесінші аптасы

«Неміс тілі супер күш» және неміс тілі сабақтары
Сіз өз сабақтарыңызға да қажетті форма мен көлемде «Неміс тілі супер күш» қосымшасын  енгізе аласыз. Мысалы, сабақ аяқталардан 10 минут бұрын оқушылармен олардың осы қосымшадан не үйренгенін талқылай аласыз.

Superkraft Deutsch© Goethe-Institut / gamelab.berlin

Сіздердің командаларыңыздың жаһандық деңгейде алмасуына мүмкіндік беру үшін сіздердің оқушыларыңызды Instagram-дағы Superkraft-акцияға қатысуға шақырамыз.

Ол үшін оларға Instagram-әлеуметтік желісінде команданың атынан пост жіберу керек, онда олар өздеріне қатты ұнап қалған тапсырманы (оның түрін) немесе осы апта ішінде қосымша арқылы олар танысқан ақпараттың ең қызықтысын   фото түрінде жіберуі қажет, онда #superkraftkas хештегі көрсетілуі керек және Гёте-Институттың @goetheinstitut_kasachstan аккаунтын атап өтуі керек.

Бүкіл чемпионат кезінде әр дүйсенбі сайын барлық постар арасында  Гёте-Институттың тосынсый жиынтығы жүлдеге ұсынылады. Жеңімпаз команданың аты  Гёте-Институттың Instagram- аккаунтында жарияланатын болады, ал сыйлықтар почта арқылы білім беру мекемесінің мекен-жайына жіберілетін болады.

Осылайша сіздің команданың шығармашылық жұмысы әлем үшін де таныс болады.

Егер сіздің мүмкіндігіңіз бен қалауыңыз болса, онда оқушыларға ақпараттарды жариялауға көмек көрсете аласыз.


Нәтижелер

Сіздің командалар арасынан апталық тапсырмаларды ең көп орындаған команда жеңімпаз атанады. Оны сіз өзіңіздің мұғалімге арналған кодтың көмегімен көре аласыз.

Ойын кезеңінің соңына -18- қарашадан кейін  cіз ең үздік команданы, сол сияқты көзге түскен оқушыларды да шағын сыйлықтармен марапаттай аласыз.

Ең белсенді командаларды марапаттау үшін сіздер бізден почта арқылы сыйлықтар аласыздар.

Оқушылары чемпионатқа аса белсенді түрде қатысқан мұғалімдер де  жеке сертификат алады, сонымен қатар оқушыларды марапаттау қағазының үлгісі де  электронды почта арқылы  жіберіледі.


Сұрақтар

Егер сіздердің сұрақтарыңыз болса, онда оны қатысатын мұғалімдер үшін ашылған чатта қоя аласыздар. Сілтемені кодпен бірге алдыңыздар.