Германия алюмни порталы

Alumniportal Deutschland Foto: Alumniportal Deutschland Германияда он мыңға жуық шетел азаматтары оқып, жұмыс істеп, зерттеулер жүргізіп, білім алып, кәсіби даярлық курстарында немесе тіл курстарына қатысуда. “ Германия алюмни порталы ”  арқылы Германияда білім алған түлектер өз еліне оралғаннан кейін де бір-бірімен, Германиямен үнемі байланыста бола алады.

“Германия алюмни порталы” 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылған. Интернет портал - коммуникация және байланыс платформасы қызметін атқарады. Бұл порталда әлемнің бар елінде неміс тілін жиі қолданатын Германия түлектері бір-біріменен байланыста бола алады. Порталдың ортақ діңгегі ол бірлестіктер. Бұл бірлестіктерде түлектер бір-бірімен араласып, топтарда, форумдарда және блогтарда өз ойларымен бөлісе алады және вебинарларға қатысады. Журналда қызықты мақалалар, жұмыс орындары жайлы ақпараттар мен маңызды кеңестер, іс-шаралар мен неміс тіліндегі жаңалықтар жарияланып тұрады .

 Германия алюмни порталы қолдау алған мекемелердің стипендианттарына, және өз қаражатына Германияда білім алуға келгендерге немесе неміс тілін шет елде оқып жүргендер үшін қажет портал. Осылай дүние жүзіндегі барлық Германияда білім алған түлектерге арналған интернет форумы құрылды. Осы порталға тіркеліп, өз парағыңызды ашып, Германиямен әрдайым байланыста болыңыз және бар әлеммен байланысыңызды ұлғайтыңы!

Неміс алюмни порталы экономикалық ынтымақтастық федеральды министрлігінің (BMZ) қаржыландырылуымен және сыртқы істер министрлігінің қолдауымен құрылған тегін қызмет порталы. Сонымен қатар бұл порталдың жұмысына халықаралық ынтымақтастықта ұзақ жылдар мол тәжиірбе жинаған басқа да төрт ұйым қолдау көрсетеді. Гёте-Институт  бұл порталдың серіктесі және “Мәдениет және Даму”, “Неміс тілі” тақырыптарына өз үлесін қосуда.