Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Топтық онлайн курс

Junge Frau im Online-Unterrricht© Goethe-Institut
  • Топта интерактивті түрде жаттығу
  • Мұғалімнің жетекшілігі мен талдауы
  • Онлайн оқу материалдарымен өз бетімен жеке жұмыс жасау

Сіз неміс тілін топпен бірге оқығыңыз келеді, алайда институтқа келе алмайсыз ба? Сіз жұмыс бабымен көп іссапарда болсыз, сондықтан сол жерден онлайн оқығыңыз келе ме? Онда біздің сізге ерекше  ұсынымыз бар. Неміc тілі онлайн курсы арқылы сіз өз ауқытыңызға сай таңдап, сабақ болатын жерге  бармай-ақ, өз орныңызда отырып қатыса аласыз.

Бізің курстарымыз

Неміс тілі топтық онлайн курста

  • Топта интерактивті түрде жаттығу
  • Мұғалімнің жетекшілігі мен талдауы
  • Онлайн оқу материалдарымен өз бетімен жеке жұмыс жасау

Кешкі онлайн интенсив курстар

  • Онлайн оқу платформасында жетекшімен өз бетінше жеке оқу (50%)
  • Мұғаліммен тікелей байланыс (50%)
  • Онлайн оқу материалдарымен өз бетімен жеке жұмыс жасау

Неміс тілінен білімін тексеру тесті

Неміс тілінен біліміңізді тексеріңіз
Сіз неміс тілі курсына бірінші рет қатысасыз ба? Онда курсқа жазылмай тұрып тегін неміс тілінен білімін тексеру тестінен өтіңіз. Сонда сіздің біліміңіздің қай деңгейде екенін және қай курсқа баруыңыз керек болатыны анықталады, сөйтіп сізбен бірге қажет курсты таңдай аламыз.

Неміс тілінен білімді тексеретін онлайн тестке жазылу

Ол осылай болады!

Оқу платформасы
Топтық  онлайн курс бірнеше бөлімдерге бөлінген, онда күнделікті және жаңа тақырыптар қамтылған, сонымен бірге қажет лексика мен грамматика да қарастырылған. Сіз көптеген түрлі онлайн жаттығулар жасайсыз, мыс. видеолар, суреттер, аудио-және оқитын және толықтыратын мәтіндерді жалғыз немесе торрен бірге орындай аласыз. Сіздерге  жүктеп алу үшін көптеген тақырыптар бойынша  онлайн курстың маңызды деген материалдврын ұсынамыз.

Мұғалім тарапынан қолдау
Жазбаша ұзақ болатын тапсырмаларды эл. пошта арқылы мұғалімге жібере аласыз, ол тексеріп және толықтай талдап  қайтарады. Сұрақтар болса форум арқылы өзіңіздің басқа топ мүшелерімен талдай аласыз немесе  эл. пошта арқылы мұғалімге жібере аласыз.

Онлайн сабақ Live-отырыстарда
Сіздер мұғаліммен не басқа топ мүшелерімен көп сабақтарда виртуалды класс бөлмесінде кездесесіз. Онда немісше сөйлеу де жаттықтырылады.

Gruppe und Lerner an Laptop
© Goethe-Institut

Жиі қойылатын сұрақтар

Басқа сұрақтар бар ма? +7 727 356 79 04 Сізге кеңес беруге дайынбыз: info-almaty@goethe.de