Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Неміс тілінен білімді тексеретін тест

Өзін-өзі тексеріп байқау тесті

Өзін-өзі тексеріп байқау тесті неміс тілінен біліміңіз жайлы жалпы бағыт береді. Тест кезінде көптеген тапсырмалар орындалады, онда оқығанды түсіну, грамматика мен лексиканы тексеру сияқты тапсырмалар беріледі.

Егер сіз Гете Институттың бір курсына барғыңыз келсе, бұл тест жеткіліксіз. Сондықтан бұл жағдайда неміс тілінен білімді тексеретін онлайн тест өтуіңіз керек.

  • Сіздің неміс тілінен біліміңізді шамамен бағалау
  • Ұзақтығы 15-20 минут
  • Тегін

Неміс тілінен білімді тексеретін тест

Неміс тілінен білімді тексеретін тест арқылы қандай біліміңіз бар екенін анықтаймыз, оқуда қандай мақсаттарыңыз барын біліп, сізбен бірге қажетті курсты таңдаймыз.

Біздің неміс тілінен білімді тексеретін тесті (жазбаша, соңынан ауызша сұхбат) алдын ала хабарламай ақ, жазылуға  берілген уақыт ішінде тапсыруға болады. Ауызша тест өту үшін мына адреске хабарласыңыз:
marika.achmetshanowa@goethe.de

Дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағ. 10.00-17.00 –дейін
Ұзақтығы шамамен 1 сағат
Басқа уақыт келісім бойынша

  • Тиісті курсқа тексере отырып жазу
  • Толық нәтиже беріледі, мыс A1.2, B2.1

Тегін