Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat C2: GDS

Сіздің кезегіңіз, мархабат! Модульдер

Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom ның модульдері: Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу (ауызша жеке емтихан).
Емтихан әлем бойынша бірдей жүргізіліп, бағаланады.
 
Жазу модуліндегі әдебиетке байланысты тапсырмалар Мюнхендегі Людвиг-Максимилианс-Университетімен бірге даярланады.
 
Төрт модульді жеке-жеке не біріктіріп тапсыруға болады. Төрт модуль туралы жеке куәліктер бір жалпы куәлікке сәйкес келеді.
Оқу, ТыңдауСөйлеу және Жазу модульдері емтихан орталықтарында бағаланады. 
 

Оқу

Деректі мәтіндер, түсіндірме, репортаж және хабарламаларды оқып, соған сәйкес түрлі тапсырмаларды орындайсыз. Мәтіндерді, олар абстрактілі не мазмұны мен тілі күрделі болса да, олардың астарлы мағынасын да, жеңіл түсіне аласыз.

Ұзақтығы: 80 минут

Жазу

Бір қысқа рефератты бөлшектеп қайта құрастырасыз және бір жалпы не әдебиетпен байланысты тақырыпты пайдалана отырып, құрылысы мен стилі жағынан оқырман хаты не кітапқа сын-пікір бола алатындай мәтін жазасыз. Екі жалпы тақырып және әдебиеттер тізіміндегі екі кітапқа бір-бір тақырыптан таңдауға беріледі. Берілген төрт тақырыптың бірін таңдайсыз.

Ұзақтығы: 80 минут

Тыңдау

Табиғи сөйлеу темпінде бұқаралық ақпараттан жазылып алынған хабарлар мен репортаждарды, ресми емес әңгіме-сұхбаттарды және сарапшылармен сұхбаттарды тыңдайсыз да, тиісті тапсырмаларды орындайсыз.

Ұзақтығы: шамамен 35 минут

Сөйлеу

Бір күрделі тақырыпқа, мысалы, жаһандану туралы, баяндама жасайсыз, қойылған сұрақтарға дәлелдеріңізді түсіндіре отырып, жауап бересіз. Жаңа бір тақырып бойынша про- және контра пікірталасқа қатысасыз, өз ойыңызды айтып, қарсы пікірлерге жауап беріп, сұхбаттасыңызды өз пікіріңізге сендіруге тырысасыз.

Ұзақтығы: шамамен 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom Ересектерге арналған емтихан.
 
Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom емтиханын 18 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat C2: Großes Deutsches Sprachdiplom үшін алты деңгейлі Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) алтыншы және ең жоғарғы біліктілік деңгейі - С2 алғышарт болып табылады.
  • Бұл деңгейге жету үшін бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, кемінде 1000 академиялық сағатқа дейін оқу қажет.