Толық ақпарат

Артқа Goethe-Zertifikat A2

Мүлдем қиын емес: Емтихан бөлімдері

Goethe-Zertifikat A2 -дың құрамдас бөлімдері: Оқу, Тыңдау, Жазу және Сөйлеу.
Емтихан әлем бойынша бірдей жүргізіліп, бағаланады.
 

Оқу

Қысқа газет мақалалары, E-Mail, хабарландырулар мен қоғамдық орындарда ілініп тұратын түрлі ескертулерді оқып, берілген тапсырмаларды орындайсыз.

Ұзақтығы: шамамен 30 минут

Жазу

Өз айналаңыздағы өмірге байланысты хабарламалар жазасыз.

Ұзақтығы: шамамен 30 минут

Тыңдау

Күнделікті әңгіме, радио арқылы берілген хабарландырулар мен сұхбаттарды, телефон арқылы айтылған жаңалықтарды, қоғамдық орындарда дауыс зорайтқыш арқылы айтылғандарды тыңдап, берілген тапсырмаларды орындайсыз.

Ұзақтығы: шамамен 30 минут

 

 

Сөйлеу

Сұрақтар қоясыз, өзіңіз туралы қойылған сұрақтарға жауап бересіз, өз өміріңіз жайлы әңгімелеп бересіз және сұхбаттасыңызбен бірдеңе туралы келісіп не бірге жоспар құрасыз.

Ұзақтығы: 15 минут

Емтихан алғышарттары

Goethe-Zertifikat A2 ересектерге арналған емтихан.

Гёте-Инстут емтихандары барлық қызығушылық білдірушілер үшін дайын, сонымен қатар, олардың жас мөлшеріне және оларда Германия азаматтығының бар- жоқтығына қарамастан, тапсырыла береді.
  • Goethe-Zertifikat A2 емтиханын 16 жастан бастап тапсыру ұсынылады.
  • Goethe-Zertifikat A2 үшін Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру стандартының (GER) екінші біліктілік сатысына сәйкес тіл деңгейі (A1) алғышарт болып саналады.
  • Бұл деңгейге жету үшін, бұған дейінгі біліміңізге және қойылған алғышарттарға байланысты, қосымша, әрқайсысы 45 минуттан, 200-нен 350-ге дейін академиялық сағат оқу қажет.