Білім алуға байланысты кеңестер

Білім алуға байланысты кеңестер Фото: Goethe-Institut/Bernhard Ludewig

Сіз бір ғасыр бұрын дүние жүзіндегі шетелде оқитын студенттердің тең жартысы неміс жоғары оқу орындарында білім алғанын білуші ме едіңіз? Содан бері Германия жоғары дәрежелі білім алуды көздегендер үшін негізгі мақсат болып табылады. 

Германияда оқудың төмендегідей жақсы жақтары бар:

  • Ең алғашқы неміс университеті 1386 жылы Хайдлбергте құрылды. Ал бүгінгі таңда 300-ден астам неміс жоғары оқу орындары жоғарғы дәрежелі білім береді.
  • 100 млн-дай адамның ана тілі боп табылатын неміс тілі –Европадағы ең көп қолданылатын тіл. Үздіксіз өсіп отырған неміс экономикасы мен оның бүкіл әлемдік қатысы неміс тілінің әлем нарығындағы құнын уақыт озған сайын жоғарылатып отыр.
  • Студенттердің тіршілік шығындары алуан түрлі жәрдем көрсету қорлары мен қолдаулар арқылы қысқаруда.
  • Жоғары оқу орындарының бос уақытты көңілді өткізуге арналған әр түрлі спорттық, мәдени және басқалай ұсыныстары университет территориясынан тыс жерлерде де орын алады

Халықаралық мамандықтар

Германиядағы көптеген жоғары оқу орындары халықаралық диплом беретін мамандықтар бойынша оқытады. Мұнда студенттерге, жоғары оқу орнын тәмамдаушылар мен аспиранттарға арналған оқу мүмкіншіліктерін (бакалавр, магистр, ғылым кандидаты) атауға болады. Барлық курстар жоғары академиялық стандартқа сай, жақсы ұйымдастырылған, ағылшын тілінде жүргізіледі және қосымша неміс тілі курстарымен толықтырылады.

Неміс Академиялық Алмастыру Қызметі (DAAD)

Сіздің сұрақтарыңызға Қазақстандағы Неміс Академиялық Алмастыру Қызметінің Алматыдағы филиалы жауап береді. Бұл ұйымның міндеті - Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына Германия жоғары оқу орындары үшін стипендиялар тағайындау. Ол сондай-ақ Германияда білім алу жайлы мағлұматтар беріп, кітапшалар таратады. 
Егерде Сіз Германияда білім алу жайында хабардар болғыңыз келсе Алматыдағы Неміс Академиялық Алмастыру Қызметінің филиалына хабарласыңыз.