Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch
Goethe-Zertifikat A2: Fit in Deutsch 12-16 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған емтихан. Білім деңгейінің алты сатылы Жалпы еуропалық шет тілін меңгеру біліктілігінің бірінші сатысына (A2) сай келетін бұл емтихан нәтижесі неміс тілінде қарапайым түрде түсінісе алатын дәрежені көрсетеді.
Емтиханды ойдағыдай тапсырсаң, онда сен ...
- Күнделікті өмірде жиі кездесетін сөйлемдер мен сөз тіркестерін түсіне, қолдана аласың.
- Өзіңе жақсы таныс, кезекті тақырыптарға ақпарат алмасу сияқты қарапайым, күнделікті жағдайда түсінісе аласың.
- Қарапайым тілдік құралдарды қолдана отырып, шыққан тегің, білімің туралы әңгімелеп, қоршаған ортаң мен айналаңдағы заттарды тікелей қажеттіліктермен байланыстыра отырып, суреттеп бере аласың.
*) 12% ҚҚС есептелген
**) Егер сіз Goethe-Institut-те неміс тілі курсын ең көбі алты ай бұрын оқыған болсаңыз, онда көрсетілген төмен баға қолданылады. Тіл оқыту курсын аяқтау және неміс тілі бойынша емтихан күні арасындағы кезең алты ай болуы тиіс. Осындай жағдайда баға тапсырыс беру барысында автоматты түрде өзгеріледі. Егер олай болмаса, онда сіздің тіл оқыту курстары кеңсесіне жүгініңіз.