Неміс тілінен дигиталды емтихандар
Дигиталды емтихандар Гёте -Институттың емтихан орталығында неміс пернетақталы ноутбуктарды пайдалану арқылы өткізіледі. «Оқу», «Жазу» және «Тыңдау» (құлаққаппен) модульдерін емтиханға қатысушылар ноутбукта орындайды. «Сөйлеу» модулі бұрынғыдай Гёте -Институттың тәжірибелі емтихан алушыларының қатысуымен өтеді.