Кәсіби біліктілікті арттыру Германияда

Кәсіби біліктілікті арттыру Германияда Фото: Goethe-Institute in Deutschland

Қазақстандағы Гёте-Институт биылғы жылы да мемлекеттік мектептер мен колледждерде және жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін неміс тілі мұғалімдеріне 2024 жылға арналған неміс тілі білімі мен біліктілікті арттыру курстарының стипендияларына байқау жариялайды.

Стипендия Германияда болатын курс, жатын орын және жалпы жол шығындырын, сонымен қатар күнделікті шығындарды толық қамтиды. Сіздің тарапыңыздан кететін шығын өте аз мөлшерде болады, ол сіздің ұшаққа алған билетіңіздің арзан не қымбат болуына байланысты болатынын ескеріңіз. Сіз ұшаққа билетіңізді неғұрлым ертерек алсаңыз, соғұрлым арзанға түседі.