Электронды каталогпен тапсырыс (OPAC)
Абонемент

Электрондық каталог арқылы тапсырыс беру

Сақтық шараларын сақтау мақсатымен, кітапханада мейлінше ұзақ уақыт болмау үшін, өзіңізге қажет материалдарға біздің электронды каталог (OPAC) арқылы тапсырыс бере аласыз. Электронды каталогтан (OPAC) әдеттегідей кітаптар мен фильмдерді, аудиокітаптарды, DaF-материалдары мен оқулықтарын таңдап әрі онлайн тапсырыс бере аласыз.
Тапсырысыңыз дайын болғанда, қай күні және қай уақытта материалдарды алып кетуіңізге болатынын кітапхана қызметкерлері алдын-ала хабарлап отырады. 

Кітаптарға онлайн тапсырыс беруге арналған нұсқаулық (488 KB)
         
Қауіпті топқа жататын оқырмандарға тапсырыстарын аптасына бір рет (жұма күндері) тегін жеткізу қызметін ұсынамыз.
 
Біз үшін оқырмандарымыз бен қызметкерлеріміздің саулығы маңызды. Алматыдағы Гёте-Институтына кіргенде, сақтық шараларына сай, қолғап пен бетперде киюді ұмытпаңыздар.