Аудармаға көмек

Аудармаға көмек Фото: Goethe-Institut/Loredana La Rocca

Гёте-Институтының «Неміс әдебиетін шет тіліне аудару» программасы шетелдік баспаларға неміс әдебиеті аудармасын басып шығаруына қаржылай көмек көрсетуге бағытталған. Гёте-Институттың мұндай аударманы қолдау программасы неміс тілін білмейтін оқырмандарға Германияда шығарылатын маңызды ғылыми мақалалар, қазіргі беллетристикалық шығармалар мен жасөспірімдер мен балаларға арналған және ғылыми-публицистикалық әдебиетке жол ашады.

Бұл программа мәдени және саяси мақсаттарды көздейді және ГФР-дің Сыртқы Мәдениет пен Білім саясатының маңызды құралы болып табылады.

Гёте-Институты белгілі бір неміс тіліндегі шығарманың шет тіліндегі аудармасын қолдаса, аударма шыққан соң оны шығарған шетелдік баспаның шығынының кейбір бөлігін өтеп бере алады. Шығынның толық көлемін, немесе аудармашының қаламақысын, баспалық және редакторлық жұмыстар шығынын толтыру көзделмеген.

Аталмыш программаның 35 жылдық жұмысы барысында неміс тілінен 45 шет тіліне 5.000 жуық кітап аударылды.