Кітапханадағы барлық ұсыныс жайлы әп-сәтте хабардар бол.
BibToGo қосымшасында Гёте-Институт кітапханасының барлық қызметі пен ұсынысы топталған.
BibToGo-ның артықшылығы
Бұрынырық кейбір қызмет түрін кітапханаға келгенде ғана пайдалану мүмкін болатын. Енді BibToGo қосымшасымен үйде отырып-ақ каталогтан қажет материалды іздеуге, абонементке алған кітаптар мен оқулықтардың мерзімін ұзартуға болады. Кітапханаға келгенде де телефонда орнатылған оқырман билеті даяр тұрады.
Неғұрлым экологиялық болса, соғұрлым жақсы
BibToGo қосымшасымен сандық оқырман билеті мобилді құрылғыда үнемі даяр тұрады. Енді қағаздан немесе пластиктен жасалған оқырман билеті қажет емес. Бұл да қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлес болмақ.