Кітапхана

Абонемент

Ақпарат орталығы Германияға қатысты сұранысыңызға байланысты сізге қызмет көрсете алады. Сізге керек мағлұматты интернет торабы арқылы немесе СD-ROMдар көмегімен тауып беруге болады. Сонымен қатар керекті мағлұматтар жайында анықтаманы жазбаша түрде (электрондық почта арқылы) немесе ауызша ақпарат орталығына телефон шалу арқылы алуыңызға болады. Егерде ақпарат орталығы сіздің сұранысыңызды орындай алмаған жағдайда, ол оны жетік білетін басқа мекемерлер жайында анықтама бере алады.

Абонемент Фото: Goethe-Institut/Sonja Tobias

Мұнда сіз таба аласыз:​​​​​​​
  • Неміс авторларының жаңа басылымдары
  • Анықмалар жинағы
  • Музыкалық компакт дискілер мен әдеби шығармалар дискі
  • Көркем және документальды фильмдер
  • Интернет торабы/WIFI
Алматыдағы партнерларымыздан төмендегідей материалдарды таба аласыз:
  • Бегалин атындағы Балалар Кітапханасынан балаларға арналған неміс тіліндегі әдебиеттер
  • Жамбыл атындағы Жасөспірімдер Кітапханасынан жасөспірімдерге арналған неміс тіліндегі әдебиеттер
Каталог пен библиографиялық тізімдерге интернет арқылы тапсырыс беру:

Абонемент

Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханасы неміс тілін білетін, немесе неміс тілін үйреніп жүрген және Германия жайында мағлұматтар алғысы келетін оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Егер Сіз кітапхана абонементін пайдаланғыңыз келсе, төлқұжатыңызды көрсете отырып оқырман билетін аласыз. 

Кітапхана жұмысымен арнайы танысу үшін алдын ала келісу керек.

Кітаптар мен аудио-визуалды материалдарды үйге алып қолдану үшін Сізде оқырман билеті болу керек. Оқырман билетіңізді өзіңіз ғана пайдалана аласыз. Адресіңіз немесе фамилияңыз өзгерген жағдайда, сондай-ақ билетіңізді жоғалтып алсаңыз дереу біздің кітапханаға хабарлап, ескертіңіз.

Кітаптар, CD және аудиотаспалар: 4 аптаға
CD-ROM, DVD, видеотаспа және оқу құралдары: 2 немесе 1 аптаға үйге беріледі.

Егерде Сізге қолдануға берілген материалдарға сұраныс болмаса, олардың пайдалану мерзімін ұзарта аласыз.

Материалдарды кешіктірсеңіз үш айға абонементке алу құқығынан айырыласыз.

Материалдар жоғалғанда немесе жарамсыз болып қалған жағдайда оның толық құнын төлейсіз немесе орнына жаңасын сатып әкелесіз.

Кітапханаға сырт киіммен және сөмкемен кіруге болмайды. Киіміңізді гардеробқа немесе арнайы шкафқа жауып қойыңыз. Гёте-Институт жеке заттарыңыздың қауіпсіздігі үшін жауапты емес.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі-жұма:: 08:30 дан 18:30 сағ. дейін
Сенбі:: 08:30 дан 13:00 сағ. дейін

Байланыс

Бұл сізді қызықтыруы мүмкін

Біздің желіні бақылап жүріңіз