VR-Heroes
VR-Academy жобасы аясында 2022 ж. 22.-26.08 аралығында "VR Heroes" атты воркшопқа қазақстандық 12 жасөспірім қатысты.
VR-Academy жобасы аясында 2022 ж. 22.-26.08 аралығында "VR Heroes" атты воркшопқа қатысқан жасөспірімдер төмендегідей тапсырмаларды орындады:
- Storytelling арқылы қағаз-коллаж техникасын үйренді
- оны виртуалды бөлмеге орналастырды
- музыкалық трэк пен аватар жасады
- виртуалды бөлмеге арналған түрлі қосымшалармен танысты
- осының бәрін VR-көзілдірік арқылы бақылап отырды.
VR-Академия медиа дағдыны машықтырып, дигиталды творчествоны жетілдіреді, сонымен қатар әлеуметтік желіні жауапкершілікпен қолдануды үйретеді. Командамен бірге және жеке жұмыс істеу әдісін дамытады.
Аталмыш воркшоп Қазақстандағы Гёте-Институты мен Өзбекстандағы Гёте-Институтында қатар жүрді.