Logo Goethe-Institut

Қазақстан

"Alsolation" атты қысқаметражды фильмдер байқауы. Өтініш беріңіз!

Қысқа метражды фильмдер байқауы|Goethe-Institut пен HAU Hebbel am Ufer Неміс театр қауымдастығы "Alsolation"ұсынады

Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы қоғамымыз бен мәдениетімізді түбегейлі өзгертеді – ол қоғамымыздың әртүрлі салаларына еніп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, алайда сонымен қатар күрделі мәселелерді де ала келді: Berlinale 2025 халықаралық кинофестивалінде 72 минуттық анимациялық фильм ұсынылды, бұл жобаны бір адам ғана жасанды интеллект көмегімен небәрі жеті-ақ күнде әзірлеген. Мұндай әзірленген дүниелер жасанды интеллекттің тәуелсіз шығармашылық мүмкіндіктерді қалай кеңейтетінін және өнер өндірісіне қол жетімділікті демократияландыратынын көрсетеді. Алайда, технология сонымен қатар күрделі мәселелерге де әкеліп соғады: 2024 жылдың ақпанында Орландода 14 жасар жасөспірім жасанды интеллект көмегімен виртуалды серіктесімен суицид туралы сөйлескеннен кейін өзіне-өзі қол жұмсап, өмірін қиды.
  Мұндай қайғылы жағдайлар жасанда интеллектті қалай болса, солай ретсіз пайдаланудың қауіпті екенін анық көрсетеді және шұғыл түрде этикалық және әлеуметтік пікірталастар ұйымдастыруды қажет етеді. Жасанды интеллект әлеуметтік оқшаулануды азайта ала ма, әлде тіпті оған себеп пе? Тарихшы Мелвин Кранцберг 1985 жылдың өзінде-ақ: "Технология жақсы да, жаман да емес; ол бейтарап та емес," - деген еді. Этикалық нұсқауларсыз қолданылған жасанды интеллект теңсіздіктің артуына және негізгі еркіндіктердің болуына қауіп төндіреді.

  Алгоритмдік  жолмен басқарылатын "ақпарат көпіршіктері" арқасында цифрлық қарым-қатынаста да рухани аздыру барған сайын көбірек байқалады. Біржақты деректер жиынтығына негізделген генеративті жасанды интеллекттің кеңінен қолданылатын саласындағы жасанды интеллект модельдері бар стереотиптерді қайталап  қана қоймай, оларды нығайта алады. Бірқатар елдер үстемдік ететін жүйелер мен олардың деректері көбінесе жаһандық қоғамдардың әртүрлілігін көрсетпейді және көптеген мәдениеттерді, тілдерді, сондай-ақ әлеуметтік маргиналды топтардың көзқарастарын ескермейді. Осы технологиялардың қалай жобаланатынын және қалай қолданылатынын барынша ұғыну маңыздырақ.

  Осыған орай, Шығыс және Орталық Азиядағы - соның ішінде Пекин, Сеул, Токио, Ұлан-Батор, Алматы, Ташкент қалаларындағы  Goethe-Institut, сондай-ақ Шанхайдағы Германия Федерациясының Бас консулдығының мәдениет және білім бөлімі HAU Hebbel am Ufer-мен біріге отырып, атап айтқанда HAU4 цифрлық сахнасымен және басқа серіктестерімен бірге сіздерді 2025 жылы "Alsolation" деген тақырыппен өтетін  жасанды интеллектті пайдаланып түсірілген  қысқаметражды фильмдер байқауына шақырады. Байқаудың мақсаты – жасанды интеллектке сыни көзқарасты және оның қоғамға әсерін жұртшылық талқысына салу.
  Бұл байқауға фильм режиссерлары, суретшілер, контент жасаушылар және барлық жасанды интеллект әуесқойлары шақырылады және олардан жасанды интеллектке негізделген, ұзақтығы бес-ақ минутқа дейін жететін қысқаметражды фильмдерді ұсыну талап етіледі.

  Қатысушылардың өз жұмыстарында жасанды интеллект құралдарын пайдалануға немесе адамдар мен жасанды интеллект арасындағы бірлесіп жұмыс істеуге шақыра отырып, тәжірибелерін, көзқарастарын және "Оқшаулану/Alsolation" тақырыбын қалай түсінетінін білдіріп, визуалды тілдің шекараларын анықтап білу үшін жұмыстарын  эстетикалық тұрғыдан көрсеткендерін мақұлдаймыз.

  Жұмыстарды кино, өнер, гуманитарлық ғылымдар және технология саласындағы сарапшылардан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды. «Үздік өнер инновациясы» номинациясы бойынша жеңімпазды Goethe-Institut Германияға (немесе Шығыс немесе Орталық Азияға)  сапарға шақырады. Одан басқа лайықты жұмыстар  "ALLEINSEIN: Einsamkeit und Freiheit"/"ЖАЛҒЫЗДЫҚ: Оқшаулық және еркіндік" аймақтық жобасы аясында Goethe-Institut HAU4 сандық сахнасы бар HAU Hebbel am Ufer, яғни Берлин қаласындағы Неміс театр қауымдастығы және халықаралық қойылым орталығында, Шығыс және Орталық Азиядағы және Германиядағы мәдени орталықтар мен кинофестивальдар сияқты басқа серіктес мекемелерде, сондай-ақ басқа цифрлық платформаларда көрсетіліп, тұсауы кесілетін болады. Үміткерлерді Goethe-Institut платформалардағы тұсаукесер туралы алдын ала хабардар етеді.

Фильм көрсетілімдері, марапаттау рәсімдері және пікірталастар ұйымдастырылатын соңғы іс-шаралар 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді деп күтілуде. Цифрлық тұсау кесер 2025 жылдың екінші жартысында Goethe-Institut-тың онлайн платформаларында және HAU4 (www.hau4.de) сайтында өтеді.

Жобаға қосыл да, болашақты қалыптастыр! - Шығармашылығыңды ұсын да,  өз көзқарасыңды білдір!
-----

Жүлделер

«Үздік көркемдік инновация» номинациясының жеңімпазы халықаралық туристік сапарға жолдама алады (сапар бағыттары: Германия немесе Шығыс және Орталық Азия) (2026 жылға дейін жарамды).

«Ең батыл болашақты болжаушы» номинациясының жеңімпазы VR- көзілдірігін алады.

  Тағы 20-ға дейінгі елеулі жұмыстардың тұсау кесер рәсімі "ALLEINSEIN: Einsamkeit und Freiheit"/«ЖАЛҒЫЗ БОЛУ: Жалғыздық және еркіндік» аймақтық жобасы аясында Goethe-Institut-та, HAU4 цифрлық сахнасы бар HAU Hebbel am Ufer, Шығыс және Орталық Азия мен Германиядағы мәдени орталықтар мен кинофестивальдар сияқты басқа серіктес мекемелерде, сондай-ақ басқа цифрлық платформаларда өтеді. Goethe-Institut жүлдеге ұсынылған  қатысушыларды өз платформаларында жариялайтын болады.
-----

Қатысу шарттары

- Байқауға кинорежиссерлер, суретшілер, контент жасаушылар, жасанды интеллект әуесқойлары, студенттер және қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады;

 - 5 минутқа ғана созылатын қысқаметражды фильмдер жасалуы керек. Қазылар алқасы жасанды интеллект фильмде қажетті  дәрежеде қолданылған деп есептеген жағдайда, толығымен немесе ішінара жасанды интеллект үлгілерін қолданып жасалған фильмдер қолдауға ие болады;

- Қатысушылар тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіру үшін кез келген жанрды таңдай алады. Қатысушылардан сонымен қатар жасанды интеллект арқылы жасалған кескіндер арқылы көркем өрнектің шекараларын терең зерттеп, қайта түсіндіру өтініледі;

- Адамдар мен жасанды интеллект арасындағы жұмыс барысының құжаттамасы (мысалы, скриншоттар) ұсыныспен бірге жеткізілуі керек;

- Жіберілген фильмдер үміткердің өз түпнұсқа туындылары болуы керек және авторлық құқықты бұзуға болмайды. Goethe-Institut қатысушылар жіберген туындылардың басқа үшінші тұлғаға қатысты екенін және сол үшінші тұлғаның құқығының бұзылу ықтималдығын тексеруге міндетті емес.

- Мәреге жеткен қатысушылар Goethe-Institut және HAU Hebbel am Ufer театр қауымдастығына 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін олардың жазбаларын көпшілікке көрсету үшін, сондай-ақ, қатысты жарнамалық материалдарды онлайн және офлайн режимінде пайдалану құқығын беруге міндетті;

- Фильмдерді сөзсіз немесе сөзбен жіберуге болады, бірақ фильмдер ағылшын тіліндегі субтитрлерімен қамтамасыз етілуі керек;

- Жіберілген құжаттардың ішінде келесі материалдар болуы шарт: бейнефайл (1920 x 1080, .mov, .mp4, mpeg, avi.), бір беттік PDF файлы (аты, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта, қысқаша өмірбаяны, қытай және ағылшын тілдеріндегі жұмыстың қысқаша сипаттамасы), жасанды интеллектпен бірлесіп жұмыс істелгені жайлы құжаттама ретінде бір беттік файл (pdf, png, jg); сондай-ақ фильмді жіберу туралы қол қойылған өтініш.

- Құжаттарды We transfer арқылы 2025- жылдың 31-мамыры (Берлин уақытымен) сағат 23:59 дейін aisolation@goethe.de электронды поштаға жіберіңіз. Жетістікке жеткен үміткерлерді Goethe-Institutы электрондық пошта арқылы хабардар етеді;

- Байқауға қатысу үшін жарна төлеу талап етілмейді;

- Әр қатысушыдан тек бір ғана жұмыс қабылданады. Жұмыс сәтімен тапсырылғаннан кейін қайта өңделген нұсқалар қабылданбайды.
-----

Іріктеу барысы

Іріктеуді Goethe-Institut пен HAU Hebbel am Ufer театр қауымдастығы бірлесіп тағайындаған қазылар алқасы жүргізеді, оның құрамына кино, өнер, гуманитарлық және технология саласындағы халықаралық сарапшылар кіреді. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және ол шешім туралы шағымдануға болмайды. Түпкілікті шешім шілде айының басында Goethe-Institut пен олардың серіктес мекемелерінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Goethe-Institut іріктеу жөніндегі шешім туралы қорытынды мәлімдеме жасау құқығын өзіне қалдырады. Өтініш жібере отырып, қатысушы байқаудың барлық ережелерімен, шарттарымен және нұсқауларымен келісетінін хабарлайды.
-----

Ұйымдастырушылар

Goethe-Institut Германия Федеративтік Республикасының әлем бойынша белсенді мәдениет институты болып табылады. Ол халықаралық мәдени алмасуға мүмкіндік береді, шетелде неміс тілін үйретуге ықпал етеді және халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытады. 98 елдегі 151 Goethe-Institut филиалы көптеген серіктес институттармен бірге әлемдік желіні құрайды. Goethe-Institut Германия Федеративтік Республикасының әлемдік белсенді мәдениет институты ретінде, өз серіктестерімен бірлесе, әлемдегі  мүмкіндіктер мен қайшылықтарға назар аудара отырып, сенімді диалогқа түрлі перспектива ұсынады.

HAU Hebbel am Ufer халықаралық продюсерлік үйі өзінің HAU1, HAU2 және HAU3 сияқты үш сахнасымен бірге театр, би және өндірісті бір-бірімен байланыстыра отырып, өзекті көркемдік дүниелерді жасап шығарып, оларды бұқараға ұсынады. HAU4 - бұл цифрлық сахна. Олар үшін HAU, бір жағынан, онлайн кеңістік үшін арнайы әзірленген жобаларды шығарады және олардың тұсауын кеседі. Екінші жағынан, қиыстырылып жасалған жобалар www.hau4.de доменіндегі цифрлық платформада ғана емес, сонымен қатар театрдың басқа сахналарында да орындалады. Сонымен қатар, музыка, бейнелеу өнері және теориялық дискурстық іс-шаралар бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады. Мұнда тұрақты ансамбль болмаса да, Берлин және (халықаралық) ұлттық театр және би сахнасының халықаралық бірлескен қойылымдары, фестивальдері мен жобалары әзірленіп, көрсетіледі. Әр жаз сайын HAU "Тамыздағы би" атты Еуропадағы ең танымал би фестивальдерінің бірі болып есептелетін шараны ұйымдастырады. Жүйелі түрде қайта жаңғыртылып тұратын заманауи репертуар, сонымен қатар тақырыптық фестивальдер мен орталықтар  бағдарламаның ең маңызды алғышарты  болып табылады.