Баннер Dissolutions Goethe-Institut

(Dis)байламдар

Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Балтық жағалауы мемлекеттеріндегі мәдениет пен азаматтық қоғамдағы картографиялық, деколониялық дискурстар. Зерттеулер, серіктестер басқосуы, басылымдар.

Шығыс Еуропадағы, Орталық Азиядағы, Кавказдағы және Балтық жағалауындағы мәдениет және азаматтық қоғамдағы картографиялық деколониялық дискурстар
Деколонизация және постколониализм туралы пікірталастар әлемде бұрынғыдан да қарқынды жүргізілуде. Тақырып жаңа болмағанымен, «посткеңестік» кеңістікте Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысы бұл мәселеге / рефлексияға одан сайын күшті серпін берді.
Гёте-Институт бұл пікірталасты алты елді, Армения, Эстония, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан және Украинаны мысалға ала отырып, мәдениет пен азаматтық қоғамда орын алған деколониялық және постколониялық дискурстарды картаға түсіру арқылы өңірлік жоба аясында зерттейді. Ол зерттеуді жергілікті сарапшылар жүргізеді.
Жобаның нәтижесі ретінде барлық зерттеу қорытындысы ортақ жинақ болып басылып шығады. Зерттеулердің бір тарауы/бағыты бұрын естімеген және маргиналды пікірлерге бағытталған: феминистік, көлденең  немесе ілгеріде тарихты маргиналды түрде оқып білу бұрыннан үстем нарративтерге негіз бола алады.  26-27 қазан аралығында сарапшылар мен мүдделі қоғам Алматы қаласында (Қазақстан) бас қосады.
2024-2025 жж. жоспарланған келесі жобада жаңа трансұлттық кураторлық және көркемдік композициялар әзірленіп, көрмеге даярланады.

Жобаның басталуы: қаңтар 2023 

Іс-шаралар

2023 жылғы 26-27 қазан аралығында «Қазақстандағы Гёте-Институт» Алматы қаласында халықаралық сарапшылармен, қазақстандық суретшілермен, зерттеушілермен және мүдделі жұртшылықпен кездесу өткізілді.
 

Мэппинг (картаға түсіру)

Осы жоба аясында Армения, Эстония, Молдова Республикасы, Украина, Қазақстан және Қырғызстанның мәтінді картасы жасалды. Зерттеу мақсаты азаматтық қоғамға, өнер мен мәдениетке ерекше назар аудара отырып, қатысушы елдердегі қазіргі деколониялық және постколониалдық пікірталас картасын жасау болатын. Карта 2023 жылдың сәуірі мен қазаны аралығында жасалды.
 

Сарапшылар