Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Оствинд»

Қымбатты достар,
 
Сіздерді және достарыңызды жұма күні 16 маусым 2017 ж сағ.18.30  Гёте Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оствинд» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
 
Қысқаша мазмұны
 
14 жасар Мика келесі сыныпқа өтпей қалған соң, жазғы демалысын лагерьде өткіземін деген жоспары көзден бұл-бұл ұшты. Жазалау мақсатында ата-анасы оны әжесінің қолына жібереді. Қатал қарт ананың бақылауында болатын Мика енді бүкіл демалысын кітап оқумен өткізуі тиіс. Алайда әжесінің жылқы фермасы Мика ойлағаннан әлдеқайда тәуір боп шықты. Асау жылқы Оствинд  селқос Миканың қызығушылығын тудыра бастады. Осы тұрғыда жылқышы Сэм одан көмегін аяған емес. Мика мен Оствиндтің арасында ерекше достық орнайды.
 
Режиссёр: Катя фон Гарньер
Рөлдерде: Ханна Бинке, Марвин Линке, Корнелия Фробоес, Тио Прюкнер.
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
 

Артқа