Қойылым Қарагөз – би театрының элементтері аралас қойылым

17:00 сағ.

Нұр-Сұлтан

Алматы неміс театрымен бірлескен проект

Пьеса авторы: М. Әуезов
Қоюшы режиссерлар: Флориан Бильбао (Берлин) / Наташа Дубс (Алматы)
 
Мұхтар Әуезовтың Қарагөз драмасының желісі әркімге таныс –қайғылы махаббат хикаясы, жеке бас пен қоғамдық сипаттағы сезім мен борыш күресі, дәстүр мен арман-тілек арасындағы шиеленіс. Әлемдік мәдениеттің алтын қорына енген қазақ әдебиетінің классикасы түпнұсқа түріндегі көркем де терең болмысын сақтай отырып, неміс тіліндегі жаңа дыбыстық формаға ие болады. Неміс театры әйгілі туындыға жаңа түр, жаңа өлшем бермек. Би театрының элементтерімен әрленген оқу-қойылым – поэтикалық сөз бен  хореографиялық қимылдар қосындысы. Онда қазақ тілінің метафоралық, бейнелі және поэтикалық болмысы пластика, мимика, жест және әсем қимыл секілді заманауи бидің құралдары арқылы беріледі.    
 
Премьера, Алматы: 2.07.2017, сағ. 17.00, Селезнев атындағы хореографиялық училище, Жамбыл көш.105
 
Премьера, Астана: 11.07.2017, сағ. 19.00, «Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғ. 9
 

Артқа