dokBox / Неміс деректі фильмдерінің апталығы Фридланд

Сн, 18.11.2017

17.00 - 18.25

Нұр-Сұлтан

Режиссёр: Фрауке Зандиг
(2015, 85 мин.)
 
Әлемде Екінші дүниежүзілік соғыстан бері адамдар ешқашан соғыс пен шиеленістен  дәл бүгінгідей көп деңгейде қашпаған еді. Германияға аяғы жете алғандар үшін Фридланд босқындар қонысына орын тебу жаңа өмірдің бастамасы немесе қашу жолындағы бір сәттік іркіліс іспетті. Төменгі Саксониядағы бұл жайлы жер адам баласының қашу тарихының көптеген дәуірін бастан кешкен. Лагерьді 1945 жылдың қыркүйек айында Британ әскери әкімшілігі ашқан-тын. Ол қоныс аударуға мәжбүр болған және соғыстан қайтқан миллиондаған немістер үшін бірінші аялдама болған еді. Бүгінгі таңда Фридланд – саяси бассауға сұрағандар мен босқындарды қабылдап алатын лагерь.
«Біздің енді үйіміз жоқ. Дарайядағы барлық үйлер қирап қалды. Сирияда баспанамыз жоқ енді. Ештеңеміз жоқ» дейді Отанынан отбасымен Ливан арқылы қашып кеткен Кинааз
әл Хаббал.
Көптеген босқындардың тағдыры тоғысқан бұл жердегі адамдардың сезімдері, тәжірибелері мен үміттерінің ұқсастықтары неде, айырмашылықтары қандай?           
 
Бағдарламада сонымен қатар:
17.11.          B-Movie: Батыс Берлиндегі шу мен ыза (2015)
19.11.          Мемлекет Фриц Бауэрге қарсы (2015)
20.11.          Қорқыныш әліпбиі (2015)
21.11.          Би туралы армандар (2010)
 

Артқа