Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Бостандық пойызы»

Қымбатты достар,
 
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 27 қазан 2017 ж сағ.18.30  Гёте Институт Алматы кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Бостандық пойызы» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
 
Қысқаша мазмұны
 
Прагадағы Германия Елшілігі, 30 қыркүйек, 1989 жыл. ГФР-ның сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншер Шығыс Германияның 5000 босқындарының алдында сөз сөйледі: „Сіздерге айтар маңызды жаңалығымыз бар, бүгіннен бастап сапарларыңыз...“. Сөйлемнің соңы адамдарды шат-шадыман қуанышқа бөлейді. Аталмыш деректі фильм Германияның бірігу жолындағы тарихи оқиға туралы баяндалады. Оқиғада діттеген жеріне ешбір қиындықсыз жетеміз деп үміттенген кейіпкерлердің естеліктері арқау болған. Фильмдегі оқиға күәгерлердің сөзі мен өте жоғары сападағы мұрағат кадрлары арқылы көрсетіледі.
 
Режиссер: Себастьян Денхарт, Маттиас Шмидт.
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде

 

Артқа