Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Біз жаспыз. Біз күштіміз.»

Қымбатты достар,
 
Сіздерді жұма күні 27 сәуір 2018 ж сағ.18.30 Гёте Институт Алматы кинозалына шақырамыз. Бұл кеште «Біз жаспыз. Біз күштіміз.» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны
 
Солтүстік Германия, Росток қаласы, 1992 ж. Қаланың жұмыссыз жабырқау жастары бос уақытын бірге жиналып өткізуден басқа амалы жоқ. Түнге қарай олар полиция мен келімсектерге қарсы шығып, шу көтереді. Сондықтан мемлекеттік органдар босқындар жатақханасынан румындық сығандарды көшіруге шешім қабылдайды. Ендігі қалғандары «күнбағыс үйінде» тұратын вьетнамдықтар еді, тіпті полицияның өзі оларды қорғай алмайды. Озбырлықпен басталған түнді мыңдаған адамдар қол шапалақтап қарсы алады.
 
Режиссер: Бурхан Кубани
Рөлдерде: Йонас Ней, Транг Ли Хонг, Девид Штризов
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
Категория: 18+
Кіру: ақысыз

Артқа